Қазақтың теңгесін жаңа белеске көтеретін кез келді. Ең алдымен теңгені күніге қолға ұстайтынымызды ескеріп оны Қазақ ұлтының рухани және білім деңгейін көтеретін құрал ету керек.
Ең алдымен теңгенің бетіне қазақтың бойтұмары, тарихы 5000 жылдан асатын Домбыраның суретін салу керек. Мысалы, Ирландия Елі өзінің саз аспабы Арфаны төл ақшасында бірнеше ғасыр бұрын - 1862 жылы бейнелеген екен.
Ал, әлемдегі ең дамыған әрі беделді Енгланд елі өз ақшасының бір жағына Ханшайымның, екінші жағына ғалым Майкл Фарадейдің жүзін бейнелеген.
Ал бізге неге теңгенің бір бетіне отаршылдыққа қарсы 10 жыл соғысқан Кенесары ханның және аспандағы планетаның аты берілген жалғыз қазақ - ұлы ғалым Қаныш Сәтбайдың суреттерін бейнелемеске?
Гректер өз ақшасының бетіне Отаны азат болсын деп "Көтеріліңдер, Эллада ұрпағы" деген жалынды сөздері бар ұран болған әнді шығарған Ригас Велистинстің өз әнін шырқап тұрғаны бейнеленді.
Неге қазақ теңгесінде "Менің Қазақстаным" әнұранымызды шығарған сазгер Шәмші мен ақын Жұмекеннің суреттері жоқ? Тіпті теңге бетіне әнұранымыздың сөздері де жазылса артық етпес еді.
"Білімді мыңды жығады" деген аталы сөзді қазақ жиі айтады. Сөз бен істің арасы алшақ болмауы тиіс. Мысалы Израиль Елі өз ақшасының бетіне алғашқы Білім министрі Залдан Шазардың суретін салыпты. Қазақстан теңгесінің бетіне Әл Фараби бейнесі қайтарылуы тиіс!
Қай Ел болса да өз тілін жоғары ұстайды. Грек тілін шетел сөздерінен сақтауға үлкен еңбек сіңіріп "Грек әдебиетінің 17 томдығын" жинақтауға 20 жылдан астам өмірін арнаған ғалым Адамантиос Кораистің суреті де грек драхмның бетінен орын алған.
Қазақтың тілінің қандай бай екенін көрсетуге бүкіл өмірін арнаған ұлы әдебиетші ғалым, жазушы Мұхтар Әуезұлының бейнесі қазақ теңгесі бетіне орын алуға әбден лайық деп білемін.
Қазақ теңгесі ең алдымен Қазақ ұлтын өз рухани құндылықтары және тарихымен мақтануға жетелейтін болуы керек. Осылай болса біздің ұлттық теңгеміз туған Елімізді әлемге танытуда да мүмкіншіліктері мол. Осындай пайдалы істерді басқа ұлттар жасап жатқанда Қазақ та көштен қалмады тиіс.
Қазақстанның тәуелсіздігі Ана тілімізден басталады.
Суреттерді "Әлем ақшалары: 5-11 сынып оқушыларының арналған энциклопедия" кітабынан алдым. Кітапты 2002 жылы "Нева" баспа үйі шығарған.