Теңге әлсіреп, мұнай арзандады. Жаһандық нарық құбылып тұр

750
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

2025 жылдың сәуірінде жаһандық қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық жаңа деңгейге көтерілді. АҚШ президенті Әкімшілігінің бірқатар саяси шешімдері, сауда соғысы мен протекционистік риториканың үдеуі әлемдік экономикада рецессия қаупін күшейтіп, нарық қатысушылары арасында алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тәуекелді активтерге деген сұраныс күрт төмендеп, инвесторлар қауіпсіз аймақтарға бет бұрды. АҚШ-тың негізгі қор индекстері теріс аймаққа түсті, ал шикізат нарығындағы ахуал одан бетер ушығып тұр.

7 сәуірдегі дерек бойынша, мұнай бағасы бір апта ішінде 14,1%-ға құлдырап, барреліне $65 деңгейінен төмен түсті. Бұл – 2022 жылдың қазанынан бері ең төменгі көрсеткіш. Мұнай бағасының құлауына ОПЕК+ ұйымының өндіріс шектеулерін жою туралы шешімі мен Сауд Арабиясының Азия нарығына мұнай жеткізу бағасын арзандатуы себеп болды.

Мұнай бағасының күрт төмендеуі мен геосаяси тұрақсыздық дамушы нарықтардың валюталарына қысым түсірді. 31 наурыз бен 7 сәуір аралығында ЕМ (emerging markets) елдерінің валюта индексі 1,8%-ға төмендеді. Мысалы, Оңтүстік Африка ранды – 7,3%, Ресей рублі – 3,8%, Бразилия реалы – 3,5%, Индонезия рупиясы – 1,5%, ал Мексика песосы – 1,1%-ға арзандаған.

Сыртқы факторлар мен инвесторлардың тәуекелден қашуы – теңгеге де әсер етпей қоймады. 7 сәуірдегі KASE саудасында теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ долларына 519,12 теңгені құрап, бір күнде 2,7%-ға әлсіреді. Апта ішіндегі әлсіреу – 2,9%.

Сауда көлемі де күрт артты — 7 сәуірдегі KASE операцияларының көлемі 456,4 млн АҚШ долларына жетті. Бұл — жыл басынан бергі бір күндегі орташа көлемнен екі есе жоғары көрсеткіш.

Ұлттық Банк бюджеттік трансферттер мен алтын сатып алуға байланысты шетел валютасын сату операцияларын жалғастырып, теңгені қолдап отыр. Банк айырбас бағамының шамадан тыс құбылуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, сәуір айының алғашқы аптасында теңгенің долларға қатысты бағамы айтарлықтай құбылып, қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа алаңдаушылық тудырды. Сарапшылар бұл жағдайды бірнеше ішкі және сыртқы факторлармен байланыстырып отырғаны туралы жазған едік. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер