Павлодарда мектеп оқушысын балғамен ұрып, соққыға жыққан

2793
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында 23 жасар жігіт жасөспірім мектеп оқушысын балғамен ұрған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға қыркүйек айының басында Мичурино ауылының маңында болған.

Зардап шегушінің анасының айтуынша, ұлы өзі картоп пен сәбіз жинап, қосымша табыс тапқысы келген. Өкінішке орай, жұмыс істеймін деген ниеті сәтсіз аяқталды.

Балам 23 жастағы жігіт оның қолынан балғамен ұрғанын айтты. Олар сол жерде сөзге келіп қалған. Одан кейін ұлым 10 күн ауруханада жатып, ота жасалып, бір жарым айдан бері гипспен жүріп келеді. Сол күні полицияға арыз жаздым, – дейді Айгүл Әдришева.

Irbistv.kz тілшісіне мән-жайды полицейлер түсіндірді. Анасына сотқа жүгіну керек болып шықты.

«Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» бабында көзделген құқық бұзушылық жеке айыптау ісіне жатады. Жеке айыптауды тұлғаның қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңдылық нормаларын сақтай отырып, сотқа шағымдану арқылы қозғалады, - деді облыстың ДПД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Полицейлер бұл ережелер зардап шеккен оқушының анасына түсіндірілді деп атап өтті.

Олар тіпті сотқа дұрыс арыз жазуға көмектесетін тегін адвокат тапты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер