Ер адам пойыз жолсерігін соққыға жықты

2341
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе-Атырау пойызында ер адам жолсерікті соққыға жықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

51 жастағы жолаушылар пойызының жолсерігінің арызы Атырау станциясындағы Сызықты полиция бөліміне келіп түсті. Оның айтуынша, Мұқұр станциясынан пойыздың маршрутында өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүргенде, бейтаныс адам оған жақындап, дөрекілік көрсете бастаған. Ауызша жанжалдан кейін әлгі ер адам дене жарақатын салған.

Жедел іздестіру шаралары барысында Атырау облысының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-тармағы бойынша іс жүргізілуде (Бұзақылық), оның санкциясында екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Сонымен қатар екі жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімі бар, - делінген ПД баспасөз қызметінде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер