Шымкентте жаңа 20 мектеп пайдалануға берілді

2047
Adyrna.kz Telegram

Білім күнінде Шымкентте 3 жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. Солардың бірі апатты жағдайдағы ғимараттың орнына салынған Низамхан атындағы жалпы орта мектеп. Замана талабына сай бой көтерген білім ұясында бүгін алғашқы қоңырау соғылды. 1 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған мерекелік шара барлық санитарлық талаптарға сай өтті.

Бұл ескі ғимараттың орнынан тұрғызылған жаңа  мектепте соғылған алғашқы қоңырау. Айналасы 3 ай ішінде салынған білім ұясы бүгін есігін айқара ашты. 2 мың оқушыға лайықталған "Низамхан "орта мектебінің" ғимараты ерекше дизайнмен әрленген.  Осыған дейін қыста жылымайтын сапасы сын көтермейтін ескі ғимаратта оқып келген шәкірттердің қуанышында шек жоқ.

Тілеужан Жұматайқызы, оқушы: 9028 00-05-20 «Бұрын ескі мектепте қызықты әсерлі естеліктер қалды. Онда да жақсы оқыған болатынбыз. Мұнда мүұмкіндіктер көп»

Шымкентте жылдан-жылға оқушы саны артып келеді. Қазір қалада 233 мыңнан аса оқушы оқитын 203 мектеп бар. Биылғы оқу жылын қала мектептері 233 879 оқушымен бастағалы отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 8 мың оқушыға көп. Оның ішінде 25 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Бахадыр Нарымбетов  Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы:  8970 Болашағын ойлаған мемлекет алдымен жастардың біліміне көңіл бөледі. Білім сапасын көтеру ұстаздардың қолында болса, жағдай жасау биліктің құзыретінде...

Қонақтар  жаңа мектепке кіріп, ондағы сынып бөлмелері мен спорт залды,  асхананы аралап көрді. Білім ұясы өзге меткептерден ерекше жабдықталыпты. Соңғы үлгіде бой көтерген ғимаратта өскелең ұрпақтың білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған.

 

М.Рысбаева 

Пікірлер