Шымкентте жылыту маусымы басталғалы 54 мың тұрғынға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліді

1533
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/0ab8a867-3265-4eb7-979f-ff5102ac7467.jpeg
Шымкент қаласында 2024-2025 жылғы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар қарқын алды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде ақпараттық, профилактикалық және техникалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Маусымның басынан бері 54 мыңнан астам адам қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратпен қамтылып, әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді. Әлеуметтік желілерде 200-ден астам пост жарияланып, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 123 материал жарық көрді, оның ішінде: 37 газет мақаласы, 23 телехабар, 63 радио хабарлама. Қаланың шағын аудандарында 185 рет дауыс зорайтқышпен түсіндірме хабарламалар жасалды. * 25 848 тұрғын үй араланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. * 68 интерактивті сабақ өткізіліп, 2 000-нан астам оқушы қауіпсіздік негіздерін меңгерді. * Қоғамдық орындар мен шағын аудандарда 82 жиын ұйымдастырылып, оған 3 мыңға жуық адам қатысты. Қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен газдандыру жүргізілмеген тұрғын үйлерге ерекше көңіл бөлінді: * 136 үйге газанықтағыш құрылғылар орнатылды, бұл улы газдың әсерін анықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. * 193 үйдің түтін мұржалары тазаланды, бұл пешті дұрыс қолдану арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шара.
Комментарии