Тоқ соғып өлді: Оралда 26 жасар жігіт оқиға орнында жан тәсілім етті

3048
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласының тұрғынын жүк вагонын пломбалау кезінде электр тогына ұрды. 26 жастағы жігіт жұмыс орнында бірден қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, жас  жігіт теміржолдың тұйық тұстарының бірінде мөрлерді іліп қойған, бірақ электр желісіне тиіп кеткен. Әріптестерсі жігітке көмектесуге асықты, бірақ бәрі кеш болды. Келген жедел жәрдем дәрігерлері өлім уақытын ғана жариялады.

Марқұмның денесі сараптамаға жіберілді.

Қайғылы оқиға болған жерде қауіпсіздік ережелері сақталмағаны анықталды. Кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Жұмыс орнында болған кезде 1995 жылы туған азаматты электр тогы соғып, ол оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта осы кәсіпорын директорына қатысты ҚР ҚК 156 -бабы 3 -бөлігі бойынша еңбекті қорғауды қамтамасыз етпеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер