Бүгінгі күні Маңғыстау облысында спортты дамытуда спортшылардың талабын қанағаттандыру, тұрғындардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді.
Осы орайда биыл Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені салынуда. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан спорт кешенінің жұмыс барысымен өңір басшысы Серікбай Трұмов Түпқараған ауданына жасаған жұмыс сапарында танысты.
Жоспар бойынша спорттың 11 түрін (футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес, дзюдо, бокс, гимнастика, асық ату, садақ ату, тоғызқұмалақ) дамыту жүзеге асуы тиіс спорт кешені алдағы күз айларында халық игілігіне берілетін болады.
22 жаттықтырушымен қамтылатын спорт кешенінің қабырғасынан болашақ әлем чемпиондарын шығару көзделіп отыр.
Құрылыс жұмыстарын аралаған өңір басшысы Серікбай Трұмов:
— Кешеннің сапалы болуын ең басты назарда ұстауымыз қажет. Бұқаралық спорт - халық денсаулығының кепілі, спорттағы жетістік атаулының баспалдағы, — деді.
"Адырна" ұлттық порталы.