Ұшақ бортына кіргенде неліктен стюардессалар сәлемдесіп қарсы алады?

999
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/818f9b5c-ce3b-4821-85ab-c7877da6b221.jpeg

Жолаушыларды ұшақ бортына кірген кезде неліктен стюардессалар қарсы алады? Бұл туралы Дубайлық Emirates Airline әуекомпаниясының стюардессасы Рания TikTok-та айтып берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бортсерік жолаушылардың ұшуға дайындығын тексеру үшін қолданатын шағын құпиясын бөлісті.

Бұл тек қызмет көрсету мәдениетінің бір бөлігі ғана емес,

сонымен қатар жолаушылардың жай-күйін және сау екенін тексеру әдісі екен.

"Бортсерік сізді жай ғана сыпайылық үшін қарсы алмайды, сонымен қатар сіздің ұшуға дайындығыңызды бағалауға, тым мас немесе науқас еместігіңізді анықтау үшін амандасады", – дейді Рания.

Комментарии