Маңғыстау облысындағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты

3300
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысы Жетібай ауылындағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысында халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша алдағы жұмыстарды жалғастырады", - деп хабарлады әкімдік.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары 27 наурыз күні аштық жариялап, мұнай саласына жұмысқа тұрғызуды талап еткен болатын.

Пікірлер