Бүгін – Білім күні

1009

Бүгін – Білім күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес бұл күн республика көлемінде атап өтіледі. Биыл Қазақстанда 3 миллион астам бала мектепке барады. Осы жылдың ерекшелігі 1-сынып оқушыларына арналған салтанатты жиындар  өткізіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Білім күні - жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Арайлы жаздың үш  айын қызықты да, мазмұнды өткізіп, армандарын арқалап, жиған білімдерін одан әрі тереңдете түсу үшін барша қазақстандық оқушылар сағынышпен алтын ұя мектептеріне оралды. Мектеп табалдырығын енді аттап отырған балаларға «Әліппе» немесе «Букварь» беріледі.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. Бұл шешім балабақша, мектептер мен колледж, жоғары оқу орындарына да қатысты.Білім беру мекемелерінің қызметкерлері және баланы білім ордасына алып келген адамдар мен студенттер Ashyq қосымшасын қолданады. «Егер сыныпта бір бала ауырып қалса, сол сыныптың өзі ғана қашықтан өту форматына жіберіледі. Дене қызуы бар балалар уақытша қашықтан оқиды. «Ashyq» қосымшасы арқылы тексерістен өткен кезде ата-анасының «қызыл» мәртебесі болса, студент немесе оқушы үйден оқиды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар