Атырау облысындағы екі баланың өлімі. Пәтерді өртеді деген күдікті ұсталды

1562
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында пәтердегі екі баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, Атырау облысының Индер ауданында 25 сәуірде өрт шығып, пәтерден 10 және 7 жастағы екі баланың мәйіті табылды. Пәтерді өртеген адам анықталды.

"Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында қалған жанар-жағармай құйылған контейнерді анықтады. 31 жастағы ер адам жақын маңдағы жанармай құю бекетінен жанармай сатып алыпты. Бұл бейнекамералардың көмегімен анықталды. Күдікті олардың танысы екен. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Орал қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада. 

Күдіктінің үстінен кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғалған.

"Екі немесе одан да көп адамға қатысты адамдардың өміріне қауіпті, төтенше жағдайда, кәмелетке толмаған адамға қатысты адам өлтіру бойынша іс қозғалды. Бұл әрекет үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – деді облыстық ПД.

Еске салсақ, бүгін Атырау облысында үй өртеніп,  салдарынан екі бала қаза тапқанын хабарлаған едік. 

Пікірлер