Қазақстандық саясаттанушы Санжар Боқаев үкіметті отставкаға кетуге шақырды

6342

Қазақстандық белгілі саясаттанушы -  Санжар Боқаев үкіметті отставкаға кетуге шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Санжар Боқаев өз инстаграм парақшасында қазақстандықтарға келесідей үндеу тастады:

Тек осы бір жылдың ішінде ғана мемлекеттік қарызымыз 25% - ға өсіп кетті. Халықтың жағдайы мәз емес. Инфляцияны ұстай алмай кетті. Экономикамыз құлдырап барады. Ең бастысы, біздің азаматтарымыз шет елдерге көшіп жатыр! Қайда қашып жатырмыз? Бұл біздің жеріміз! Біздің еліміз ғой! Ата-бабамыздан қалған жеріміз...

Шет елге көшіп кетуге менің де жағдайым бар. Бірақ, мен ешқайда да кетпеймін! Дәл, осы үкіметті Маминмен қоса, отставкаға кетуін талап етемін! Үндемей қоя салуға болмайды! Осы тенденция жалғаса беретін болса, онда біз ертең Ауғанстан боламыз!

"Тәуелсіздігімізден ажыраймыз! Мен телеграм-каналымды аштым. (@BokaeVS) Елім үшін жұмыс істейміз деген азаматтар бар болса, бірігейік! Бұл билікке сенім жоқ! Біз ертеңгі болашағымызды бірге құрайық!" -деп мәлімдеме жасады Санжар Боқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар