АҚШ-та Трамптың саясатына қарсы жаппай наразылық өтті

726
Adyrna.kz Telegram
Фото: Reuters
Фото: Reuters

19 сәуірде АҚШ-тың ірі қалаларында ел президенті Дональд Трамптың саясатына қарсы жаппай наразылық шаралары өтті. Акцияға қатысушылар Ақ үй басшысын авторитарлық басқару стилі мен заңсыз мигранттарды тиісті сот процестерінсіз елден шығарып жатқаны үшін айыптады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW сайтына сілтеп.

Вашингтон қаласында жүздеген адам Ақ үйдің алдына жиналды. Наразылық білдірушілердің плакаттарында «Патшаға жол жоқ» және «Трампқа импичмент» деген жазулар болды.

Акцияға қатысушы Бенджамин Дуглас AFP агенттігіне берген сұхбатында: «Әкімшілік заң үстемдігі принципіне тікелей шабуыл жасап жатыр», – деді.

Ол палестиналық белсенді студентті босатуға шақырған плакат ұстап шықты. Оның айтуынша, билік жекелеген адамдарды ксенофобияны қоздыру және құқықтық кепілдіктерді бұзу үшін пайдалануда.

Нью-Йорк қаласында наразылық білдірушілер қоғамдық кітапхана ғимаратына жиналды.

«Біз үлкен қауіп астындамыз», 73 жастағы наразылыққа қатысушы Кэти Вали.

Оның айтуынша, ата-анасының Адольф Гитлердің билікке келуі туралы әңгімелері қазіргі жағдайға өте ұқсас.

Сан-Францискода жүздеген адам мұхит жағажайына жиналып, денелерімен IMPEACH + REMOVE (“Импичмент + тоқтату”) сөздерін құрады, деп хабарлайды San Francisco Chronicle. Басқа наразылық білдірушілер қайғы-қасіреттің дәстүрлі символы - төңкерілген американдық туды ұстады.

Сенбілік наразылық шараларының басты ұйымдастырушысы — 50501 тобы болды. Бұл атау 50 штаттағы 50 наразылықты және біртұтас қозғалысты білдіреді, деп нақтылайды AFP. Топ өз сайтында 19 сәуірде шамамен 400 акция ұйымдастырылғанын және бұл шаралардың бейбіт сипатта өтуінің маңыздылығын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер