Ақтауда көппәтерлі тұрғын үйдің кілті табысталды

2835
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Конституция күніне орай №18 шағын ауданда орналасқан 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. 180 пәтерден тұратын тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кілт табыстау рәсіміне Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай қатысып, баспаналы болған азаматтарды қоныс тоймен құттықтады.

— Қаламызда мемлекет қолдауының нәтижесінде баспаналы болып, қоныс тойын тойлайтындар саны артып келеді. Осы жазда «Аққу-3» тұрғын үй кешенінен 443 пәтер табысталып, қуаныштың куәсі болдық. Бүгін, міне, жалпы ауданы 10150 шаршы метр болатын жаңа тұрғын үйді пайдалануға берудеміз. Мерекемен тұспа-тұс келген қоныс тойларыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін, - деді қала әкімі.

Шараға жиналғандар баспаналы болған Медина Алагөзованың шаңырағына барып, дәм татты. Жаңа қоныстың алғашқы қонағы болған ауыл ақсақалдары бата берді.

Келер жылы қалада №19А және №18 шағын аудандардан көппәтерлі 9 үй пайдалануға беру жоспарлануда. Осылайша өңірде қоныс тойын тойлаушылар саны артпақ.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер