"Қанағаттанарлық": министрдің міндетін атқарушы биылғы жем-шөп дайындау ісіне осылай баға берді

3733
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі күні елімізде 20,8 млн тонна шөп дайындалған, бұл жоспардың  — 88%-ы. Пішендеме дайындау жоспардың 76%-ын, ал сүрлем дайындау 8%-ын құрап отыр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде қысқы мал азығын дайындау мәселесі  Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Е.Қарашөкеевтің төрағалығымен министрлік жанындағы жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық жедел штабтың кезекті отырысында қаралды.

Ведомство басшысы аймақтардағы жем-шөп дайындау ісінің қазіргі жағдайын "қанағаттанарлық" деп бағалады.

Ведомство басшысы атап өткендей, Үкімет қаржыны уақытында бөлді, ал әкімдіктердің міндеті — шұғыл түрде бұл қаржыны шаруаларға жеткізу.

— Ақша бар, мал азығын дайындау маусымы өтіп барады, жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары бұл қаражатты асыға күтіп отыр, - деді министрдің міндетін атқарушы.

Мәселен, биыл құрғақшылық болған Маңғыстау облысында жоспарланған шөптің 48%-ы дайындалған.

— Биыл күйі төмен малмен қысқа кіруге мәжбүрміз. Егер дайындығымыз нашар болса, күрделі жағдайға тап болатынымыз анық. Барлық жауапкершілік сіздерге жүктелетінін ұмытпаңыздар. Біздің қателік жасауға құқығымыз жоқ, — деді жедел штаб төрағасы.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер