Байден Қытайдың "маңызды ақпаратты" жасырып отырғанын айтты

4792
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Президенті Джо Байден Қытай үкіметін коронавирустың шығуы туралы "маңызды ақпаратты" жасырғаны үшін сынға алды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлімдеген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "regnum.ru-ға" сілтеме жасап.

Америкалық көшбасшы АҚШ Ұлттық барлау қызметінің SARS-CoV-2 жасанды шығу тегі туралы есебін жариялағаннан кейін бірден мәлімдеме жасады.

— Қытай әлі күнге дейін әлемде пандемия құрбандарының саны артып келе жатқанына қарамастан, ашықтыққа шақыруды қабылдамай, ақпаратты жасыруды жалғастыруда, - деді ол. — Әлем жауап алуға лайықты, мен Қытайдан хабар алмайынша, тыным таппаймын. Жауапты елдер бүкіл әлем алдындағы жауапкершіліктен қашпайды.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ барлау қауымдастығы SARS-CoV-2 вирусының биологиялық қару ретінде пайда болу нұсқасын жоққа шығарып, Қытай шенеуніктері COVID-19-дың алғашқы эпидемиясы басталғанға дейін коронавирус туралы білмегендігін жариялаған болатын.

 

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер