Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

3225
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жамбыл облысында оқ-дәрілердің жарылуынан қаза тапқандар үшін аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында адамдардың өліміне әкелген қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар нағыз ерлік пен жанқиярлық көрсетті. Олар халық жадында мәңгі қалады ", - деп жазды Токаев Twitter -де.

26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қорғаныс министрлігі 10-ға жуық жарылыс болғанын хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 50 -ге жуық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.

Жамбыл облысында болған жарылыстан қаза тапқандардың жалпы саны он екіге жетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер