Ауғанстан билігінің құлау себептері немесе ауған генералының күйініші

3375
Adyrna.kz Telegram

Ауған ұлттық армиясының 215-ші командованиесінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Сами Садат ауған сарбаздарының неліктен тез жеңіліске ұшырап, тәліптерге берілгенін хабарлады.

The New York Times-ке берген сұхбатында ол Гильменд провинциясында Талибан радикалды ұйымының жасақтарымен 3,5 жыл шайқасып, үлкен шығындарға тап болғанын айтты. Кейіннен ол Кабулге қайтып, арнайы жасақты басқарды. Ол кезде тәліптер қалаға кіріп қойған. Бәрі де кеш болатын.

Генерал-лейтенант Сами Садаттың айтуынша, Ауғанның сарбаздары біздің тек «америкалық серіктестеріміз бар» деген солбыр сенім мен ұстанымды өздеріне серік етіп шайқасқан. Сондықтан да олар америкалықтарға сеніп, өз жігері мен еріктерінен айырылып қалды. Мен өз басым Байден мырзаның жүзіне қарауға бетім жоқ, олар да ауған сарбаздарының ішкі күйзелісін түсіне алмады, деп ашына айтты.

Президент Ашраф Ғани елден кеткеннен кейін ауған сарбаздарының тәліптермен келісімге келуінің ешқандай да маңызы қалмады. Мұнда ауған армиясының генералдары мен қолбасшыларының тұрғындарды эвакуациялауға көмектесуі ғана қалған еді.

Ауған армиясы тәліптермен қақтығыста өздерінің әскери материалдық-техникалық базаларынан да айырылды. Бұл базалардың барлығы да АҚШ-тың ауған армиясына көмек ретінде берген қарулары болатын.

Осы процедуралардың бәріне Ауғанстан билігіндегі шектен шыққан жемқорлық себеп болған. Әсіресе, бұл қауіптің туындауына бұрынғы президент Ашраф Ғанидың тікелей кінәсі болды. Генералдың айтуынша, елдегі жеқорлықтың ең қатты асқынған тұсы да ауған армиясының басшылығында іске асқан.

Тұтас жайлаған жемқорлық ақиқатында ауған халқының басына нағыз ұлттық трагедияны алып келді. Ауған ұлтты армиясының қолбасшысы, генерал-лейтенант Сами Садат осы жағдайдарды ашынып отырып The New York Times-ке жеткізді.

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер