Панджшердегі Масудтың жасақтарына ұлтшыл күштер келіп қосылып жатыр

1731

Талибандардың қатарына Ислам эмиратының моджахедтері де қосылды. Кеше Талибандар Ахмад Масудқа ультиматум қойып, тез арада жауап беруін талап еткен еді. Бірақ қазір Талибандар мен Ислам эмиратының моджахедтерінің біріккен күшінің талабына Ахмад Масудтың жасақтары келіспеді. Тәліптер уақыт берді. Енді Панджшердегі жағдай қиындаған сияқты.

Панджшер жазығында қазір Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех пен Қорғаныс саласының экс-министрі Бисмилла Мохаммад та жүр. Ахмад Масудты қолдаушылардың да қатары көбейіп жатыр. Қазір Масудтың жасағына Панджшердегі арнайы жасақ полковнигі Муниб Әмір, Ауған ұлттық армиясының командирі Хамид Сайфи, Қолбасшы әрі генерал Хасиб Панджшири де қосылды. Олармен бірге еріп келген сарбаздар да Масудтың жасағына келіп бірікті.

Осыдан 3 сағат бұрын Тәжікстанның шекара маңына қоныстанған жергілікті тұрғындардан құралған антитәліптік күштерден Масудтың жасағына қосыламыз деген хабары жетті. Тіпті Эмомали Рахмонның өзі ерікті азаматтардың бәріне соғысқа қатысуға рұқсат беріпті. Кейбір ақпарат көздері бұл ақпаратты растамай отыр.

Масудтың қатарының көбейгенімен, қару-жарақтың жеткіліксіздігі қолбайлау болып жатыр. Масуд әскерлеріне жанқиярлықпен шайқасуына тура келіп тұр. Қазірге сырттан ешқандай да көмек болмай жатыр. Ал тәліптер қазір Ауғанстанның барлық шекара тұсын бақылауға алып үлгерген. Тәліптермен қақтығыста Масуд жасақтарына қару-жарақпен қатар ас-су мен тамақтың да жетіспеушілігі туындауда. Сондықтан да тәліптердің тарапынан туындағын қауіптің басымдығы жоғары.

Панджшердің жергілікті тұрғындарының басым бөлігін этникалық тәжіктер құрайды. Ал, тәжіктердің де ерікті жасақтары Масудтың жағына топтасып жатыр. 2001 жылы Ахмад Шах Масуд тәліптермен қақтығыста солтүстік өңірге ығысып барып, өзінің армиясын жасақтаған болатын. Бірақ ауған қолбасшысынан күші басым тәліптермен қақтығыста Махмад Шах Масуд майданда  қаза болады. Содан күшіне мінген тәліптерді Солтүстік Альянстың күштері талқанын шығарып, ресми Ауған билігін сақтап қалған еді. Арада 32 жыл өткеннен соң оның ұлы Ахмад Масуд дәл осы Панджшерге бүкіл ұлтшыл күштердің бәрінің басын қосып, үлкен күш  жинап жатыр.

Бұл соғыста Масудты тізе бүктіру Талибан радикалды қозғалысына да оңайға түспейін сияқты. Себебі, Масудтың айналасына да жан жақтағы бұрынғы әскербасылар мен ерікті сарбаздар топтасып үлгерді.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар