“Ауыл түгіл аудан да мектеп жоқ”: Ата-аналар дабыл қақты

2839
Adyrna.kz Telegram

Қыркүйек - қыр астында. Оқушылардың қоңыраулата мектепке барар кезі де күн санап жақындап келеді. Алайда, Семейдегі Водный ауданындағы оқушылар оған қуана қоймас. Өйткені күнде 4 шақырым жерге барып-келгісі келмейді. Мұнда ауыл түгіл, ауданда мектеп жоқ екен. 800 оқушы сонау көрші ауданға барып, үшінші ауысым болып жармасып оқуда.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Семейдің шетіндегі «Водный» шағын ауданында 1000-ға жуық оқушы бір мектепке зар болып жүр. Қатарластарынан қалып қоймас үшін олар табандарынан тозып, 4 шақырым жердегі білім ордасына барып білім алуға мәжбүр. "Восход" мөлтек ауданындағы ол мектептің де жағдайы мәз емес. Үш ауысымдық. "Білім алу былай тұрсын, баланың көптігінен киім ілгіштен күртешені алу қиямет-қайым",-деп күйінеді ата-аналар.

ГҮЛНӘР МАЛШЫБАЕВА «ВОДНЫЙ» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

«34-мектепте, 3 смен оқиды балалар. Раздевалкаға кіріп, киімін үлкен кісі келіп алмаса, баланы таптап кетеді, ана жерде, пересменка болған кезде»

ЗУХРА ИЗМАИЛОВА, «ВОДНЫЙ» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

«Біздің балаларымыз бала емес пе? Не такие дети? Мы тоже такие налоги платим. Қаладағы балалардың әке-шешелерісияқты бізде сондай налоги платим".

Тұрғындардың қолында мектепке арналған жердің сызбасы да  бар. Бір жапырақ қағазға телміргенжұрт, мектеп салынбаса, қоршаусыз тұрған  жербіреуге сатылып  кете ме деп уайымдайды. Ал әкімдіктегілер мектеп тұрғызбас бұрын, алдымен аудандағы ауыз су мәселесін шешу керек депқысқа қайырды.

ДАРХАН ЖӨРГЕКБАЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Мектеп салынбайжатқан мәселесі, сапалы су жеткізілмей, мектепсала алмай отырмыз. Бұл жердегі сулардың бәрі, техникалық пайдалануға ғана жарамды."

Ал тұрғындар екі жылдан кейін тартылатын ауыз су құбырын күтпей, мектептің  құрылысы бастала берсе дейді.

ГҮЛНӘР МАЛШЫБАЕВА «ВОДНЫЙ» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 «Мына водокачка тұр. Осы суды халықтың бәрі ішеді. У каждый нету возможности қаладан барып әкелуге, даже екі метр қазып алып, қып-қызыл суды да ішіп жатыр елдер. Сонымен баняға да түсіп жатыр. А ол оказывается, даже мектеп стройкасына да жарамайды екен. Ал халық ішіп жатыр».

Жауапты шенеуніктер құрылыс жұмыстары әне-міне басталып қалатынын айтады. Тіпті, жобаныбекіту үшін арнайы мамандар шұғыл түрде облысорталығына баратынын жеткізді.

ДМИТРИЙ ГАРИКОВ  СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Мектеп құрылысытуралы шешімдер қабылданды. Арнайы жеручаскесі бекітіліп, 600 орынға жоспарланып отыр. Жоба мақұлданса, құрылыс басталады. Алдағыдүйсенбі жобаны бекіту жұмыстарымен арнайы топ облыс орталығына барады.

Алайда былтыр әкімдіктегілер 2020 жылғы қарашаға дейін магистральдік су құбыры тартылып, жобалық-сметалық құжаттары дайын болады деп уәде берген. Бірақ сөз жүзінде қалғануәде сол күйі орындалмады. Биыл экспертизағаберіледі деген көше ішіндегі су құбырларыныңжобасы да әлі дайын емес. Ал бұл мәселенің мәнжайын толық ұқпаса да тартыстың арасындажүрген балалар жаңа мектептің табалдырығынаттасақ деп армандайды.

"Не айтам мен? Жаңа мектеп керек маған!»

Бұл инфрақұрылым саласынан әбден күйреп тұрғанСемей қаласының бір көрініс ғана. Ал келіп-кеткенүш әкімнен де қайран көрмеген «Водный» тұрғындарының соңғы үміті - Даниал Ахметов.  Жиналған қауым облыс басшысына үндеу тастап, жанайқайымызға құлақ түрер деп тарқасты.   

Пікірлер