Қытайда оқушыларды қағып өлтірген жүргізушіге өлім жазасы кесілді

1091
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Қытайдың Хунань провинциясы Чандэ қаласының халық соты бір топ оқушыны қағып өлтірген жүргізушіге үкім шығарды. Оған өлім жазасы кесілді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, сот барысында 19 қараша күні Чандэ қаласының Динчэн ауданында сотталушы Хуан Вэнь көлігімен бір топ адамды қағып кеткен. Тоқтаған соң, ол көлігін қайта бұрып, басқа өтіп бара жатқандарды қаққан. Салдарынан 30 адам зардап шекті, оның 18-і мектеп оқушылары.

Қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірді деген айыппен жүргізуші өлім жазасына кесіліп, екі жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына саяси құқынан айырылды.

Оның бұл қылмысты жасауына инвестициялық шығындары мен отбасылық жанжал себеп болған.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 қарашасында Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясы Чжухай қаласындағы спорт орталығының аумағында көлік бір топ адамды қағып кетуі салдарынан 35 адам қаза тауып, 43-і жарақат алған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер