Жамбыл облысында мектеп қызметкері ағаштан құлап қаза тапты

1439
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/81f40b87-7768-419d-81c6-012256e518ab-960x500.jpeg?token=67fde97ef47c203d4fc7b947e6156d7c
Жамбыл облысындағы ауыл мектебінде 51 жастағы жұмысшы ағаштан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментіне оқиғаға байланысты тексеру жүргізу туралы қаулы мен хат жіберілді. "Ауыл мектебінде 51 жастағы жұмысшының өліміне байланысты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі “Еңбекті қорғау ережелерін бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін 21 желтоқсанда Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алған болатын.
Комментарии