Нан да сатып ала алмай отырмыз: Ауған қазақтары көмекке мұқтаж

3464
Adyrna.kz Telegram

"Талибан" террористік қозғалыс өкілдері (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанды басып алған сәттен бастап, елді дүрбелең басып халық қайда қашарын білмей жан ұшыруда. Сорақысы, ауған қазақтары да өз елінен көмек сұрап видеоүндеу жолдады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

Видеоүндеуде ақжаулықты әжей ешқайда шықпай, тығылып отырғандарын айтып налыды.

"Міне, біз келіндерімізбен, қыздарымызбен қамалып, ешқайда шықпай отырмыз. Жан-жақтың бәрін басып алды. Базарға барып, нан да сатып ала алмай отырмыз. Ағайындар, айналып кетейін, аз ғана көмек қылыңдар, қазақпыз ғой. Қазақтың әруағын құдай биік қылсын!",- деген үндеуде.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер