Адам садуасымен күрес сонау 18 ғасырдың аяғында басталған. Бұл Еуропадағы әйелдер саудасына қарсы қозғалыс еді.
Өткенге шегініс жасасақ, 1896 жылы Халықаралық католиктік одақ Швейцарияның Фрайбург қаласында жас қыздарды қорғау институттарын құрды, ал 1899 жылы Ұлыбританияның ұлттық қырағы ұйымы 1899 жылы әйелдерді сатуға қарсы халықаралық конгресс өз жұмысын бастады.
Ал, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам саудасына қатысты мәселелер бойынша үйлестіру БҰҰ шеңберінде жүзеге асырыла бастады, сондықтан 1949 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам саудасына қарсы күрес және басқалардың жезөкшелігін пайдалану туралы конвенцияны қабылдады. 2010 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 64/293 қарарымен Адам саудасына қарсы іс-қимылдың ғаламдық жоспары бекітілген еді.
Осыған қарап-ақ, дүниежүзі елдері үшін адам саудасы аса маңызды мәселе екенін аңғаруға болады.
Ресми деректерге сүйенсек, адам саудасы қару-жарақ пен есірткіні сатқаннан кейін кірісі бойынша үшінші орында . Бұл дегеніміз аталмыш қылмыс табысты бизнес қатарында тұрғанын айқындайды.
Мамандар, адам саудасының құрбандары көбіне 9-17 мен 30-38 жас аралығындағы адамдар дейді.
Елімізде адам саудасы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі No 167-I Қылмыстық кодексінің 128-бабымен реттеледі. Адамның құқығын бұзып, оны тірі тауар ретінде пайдаланғандар заң бойынша 15 жылға дейін басбостандығынан айырылады.
Сауда немесе еңбек құлдығының осы түрінің құрбандары көбінесе құжаттары жоқ және тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар, мүгедектер, мұқтаж жандар, сондай-ақ қолайсыз отбасылардың балалары немесе ата-анасының бақылауынсыз болады. Мүгедектер қайыр сұрауға, ер адамдар мал жаюға мәжбүр.
Енді, «адам саудасының құрбанына айналмау үшін қайтпек керек?» деген сауал туындайды.
Азаматтар көбіне шет елге жұмыс жасауға шығып, артынша қасқырдың апанына түседі. Мұндай жағдайға тап болмау үшін, шетелде жұмыс істеуді ұсынып отырған агенттіктің заңды екеніне көз жеткізу қажет. Шетелге жұмысқа бармас бұрын жұмысқа орналасу туралы келісімшарт жасасыңыз. Ұсынылған келісімшартты мұқият оқып шығыңыз, түпнұсқалардың бірі қолыңызда қалуы керек. Жұмыс визасын алыңыз, туристік виза жұмыс істеуге құқық бермейді. Баратын еліңіздің елшілігінен сол мемлекетте осы жұмыс түріне жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы сұрап хат жазыңыз, қоңырау шалыңыз. Медициналық сақтандыруды рәсімдеуде аса маңызға ие.
Сарапшылар, барлық құжаттардың екі данасын жасатқан абзал дейді. Бұл құжатты тартып алған жағдайда көмекке келетін тиімді әдіс. Туыстарға қайда және кіммен бара жатқаныңызды айтуда маңызды. Шетелген шықпас бұрын Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері, үкіметтік емес ұйымдар, сол елдегі көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым кеңселерінің мекен-жай, байланыс нөмірлерін біліп алған жөн. Ал егер, «Құл саудасы» құрығына түсіп қалсаңыз, бірақ қашып кетсеңіз, өз еліңіздің консулдығынан немесе басқа мекемеден көмек сұраған дұрыс.