Джо БАЙДЕН: Біз ауған халқына қолдан келген барлық көмегімізді бердік

3293
Adyrna.kz Telegram
АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы АҚШ әскерлері кезінде АҚШ-қа жұмыс істеген ауғандықтар мен өздерінің елшіліктегі азаматтарын толық эвакуацияланғанша Ауған жерінде болатынын мәлімдеді.
Қазір Талибан ресми билікке отырды. Шыны керек, Ауғанстан халқы да, билігі де Табибанның алдында қауқарсыз күйде қалды. 20 жыл бойы қақтығысқа түскен Талибанның бірлігі мықты емес деп айта алмайсың.
Қазір НАТО-ның құрамындағы Канада, Ұлыбритания сияқты елдер ауғандық босқындарды мыңдап қабылдауға шешім жасады. Бірақ әзірге рейстердің тасымалы басталған жоқ.
Ақ Үйден ресми мәлімдеме жасаған Байден "Ауған халқының Талибан жасақтарымен соғысуға ықыласы болмады, соңына дейін күресе алмады. Біз оларға қолдан келген көмектің барлығын да жасадық" деді.
АҚШ 20 жыл бойы Ауғанстанда Талибан қозғалысына қарсы соғыста ауғандықтарға көмек үшін 80 миллиард доллардан астам қаражат шығындаған. Бірақ, Джо Байденнің айтуынша, ауғандықтар АҚШ-тың үмітін ақтамады. Ақ Үй мұның басты себебін Ауған билігіндегі тамырлап кеткен жемқорлықпен тікелей байланыстырды. 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер