Ақтауда шағын аудандар абаттандырылып жатыр

1827
Adyrna.kz Telegram
Ақтауда биыл бес шағын аудан абаттандырылады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда қаладағы №5, №8, №9, №13, №28 шағын аудандарында жұмыстар қызу жүруде.  Облыс әкімі Серіктай Трұмов жаңартылып жатқан шағын аудандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.
Атап айтсақ, Ақтау қаласындағы №5 шағын аудан бойынша 50 024 шаршы метр автокөлік жолы, 15 824 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы,  балаларға арналған 8 ойын және 2 спорт алаңы, №8 шағын ауданда  42 452 шаршы метр автокөлік жолы,  17 944 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы,  балаларға арналған 11 ойын және 3 спорт алаңы жасақталады.
Ал  №9 шағын ауданда биыл 47 321 шаршы метр автокөлік жолы, 12 813 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы,  балаларға арналған 10 ойын және 3 спорт алаңы, №13 шағын ауданда 72 151 шаршы метр автокөлік жолы,  19 924 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы, 20  ойын және 9 спорт алаңы, сондай-ақ №28 шағын ауданда 50 913 шаршы метр автокөлік жолы, 26 352 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы, 14 ойын және 7 спорт алаңы жаңартылады. Аталған жұмыстарға барлығы 650 адам, 120 техника тартылған.
Айта кетсек, былтырдан бері Ақтау қаласында жылдар бойы жөндеу көрмеген шағын аудандарды абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
2020 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, жыл соңына дейін барлығы 6, яғни 2,6,7,12,26 және 27 шағынаудандарға толығымен кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстары аясында 67,2 шақырым автожол салынып, 45,8 шақырым жаяу жүргіншілер жолдары төселді. 63 дана балалар ойын алаңдары мен 22 спорт алаңы толықтай жаңартылды.
Былтырғы жөндеу жұмыстары қазына қаражатынан жасалса, биылғы абаттандыру жұмыстары NCOC мекемесінің демеушілігі есебінен жүргізілуде. Келер жылы да тағы 5 шағынаудан жөнделеді деп жоспарланып отыр.
Жұмыс барысын аралап көрген облыс әкімі жауапты мамандарға сапаға мән беруді тапсырды.
"Бұл - халық көп күткен жоба. Жылдар бойы жөндеу көрмеген шағын аудардың ішкі жөндеу жұмыстары халықтың ұсыныс тілектерін ескере отырып жасалу керек. Асығудың қажеті жоқ. Бастысы сапасына мән беріңдер", — деді С.Трұмов.
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер