Кешкі ас: оңай әрі дәмді тағамдар тізімі

5626
Adyrna.kz Telegram

Ас дайындауға көп уақыт пен күш жұмсамай, жақындарыңызды қалай қуантуға болады? Қазіргі өмірдің қарбаластығы, жұмыстағы күйбелең кейде үйдегілерге отбасылық кешкі ас дайындауға жеткілікті уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді. Дегенмен, отбасымен ішілетін кешкі ас өте маңызды. Ендеше, "Адырна" тілшісі жинақтаған оңай әрі тез, дәмі тіл үйірерлік кешкі ас идеяларын оқып шығыңыз.

1.Жалқау батонды пицца

Ингредиенттер: шұжық 300 гр, қатты ірімшік 250 гр, қызанақ 2 дана, батон нан 1 дана, майонез 4 ас қасық, кетчуп 4 ас қасық, ас көк.
Самая ленивая пицца на батоне

 

 

 

 

 

 

 

 

Батон нанын тілімдерге кесіңіз, ірімшікті және шұжықты үккіштен өткізіңіз, оларды кетчуп пен майонезбен біртекті массаға араластырыңыз. Алынған массаны қалың қабат етіп тілімдерге салыңыз, үстінен қызанақ тілімдерімен жабыңыз. Ең жалқау пиццаны майланған пісірме табаққа салыңыз,  180 градусқа дейін қыздырылған пеште пісіріңіз, ыстық күйінде ұсыныңыз.

2.Пияз қосылған картоптан жасалған құймақ

Ингредиенттер: картоп 1 кг, өсімдік майы 100 мл, түйінді пияз 1 дана,1 шай қасық тұз, ½ шай қасық қара бұрыш.

Сытные картофельные драники с луком

Картопты тазалаңыз және тез үккішпен үгітіңіз. Пиязды блендерден өткізіңіз немесе тураңыз, артынша картопқа қосыңыз. Артық сұйықтықты төгіп тастаңыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш себіңіз.Қуыруға арналған табада өсімдік майын қыздырыңыз, массаны қасықпен алыңыз. Картоп құймақтарын орташа қызуда екі жағы да қызарғанша қуырыңыз.

3.Қырыққабат қосылған жылдам пирог

Ингредиенттер: орамжапырақ 1 дана, сары май 100 гр, тұз, қамыр үшін: 3 дана жұмыртқа, 1,5 кесе айран, 1,5 кесе ұн, 1 шай қасық тұз, 1/2 шай қасық сода.
Быстрый наливной пирог с капустой

Қырыққабатты ұзынша етіп тураңыз, тұздаңыз. Қамырын дайындау үшін жұмыртқаны тұз, айран немесе қаймақпен араластыра шайқаңыз. Бидай ұнын содамен араластырыңыз, айран қоспасына қосыңыз. Қамыр жартылай сұйық болуы керек, мысалы, құймақ секілді.
Массаны артық сұйықтықтан сығыңыз, қалыпқа салыңыз. Сары майды ерітіп, қырыққабаттың үстіне құйыңыз. Қамырды массаның үстіне құйыңыз, 180 градус температурада 30-40 минут пісіріңіз. Тез құйылатын қырыққабат пирогы қызаруы керек. Дайын ыдысты табаққа аударып, жылы күйінде беріңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер