Әбсаттар қажы Дербісәлі: Қазіргідей алмағайып заманда имамдардың біліктілігі өте жоғары болуы керек

2463
Adyrna.kz Telegram

- Әбсаттар қажы, сіздің  діни басқарма жетекшілігінде он үш жыл болған кезең несімен ерекшеленді?

-  Қазақстан мұсылмандары құрылтайында діни басқарманы басқарыңыз деген ұсыныс болғаннан кейін, әрі делегеттар біз ауыз қолдап, дауыс берген соң қолымнан келгенше «білімім жеткенше қызмет етейін» деп шештім. Қай салада жүрсе де, елімізді көркейтуге үлес қосу – әрқайсысымыздың парызымыз. Одан бөлек, мемлекетте унитарлы дербес діни басқарманың болуы – әрбір халыққа бұйыра бермейтін бақ. Тарих – дәлел. Унитарлы мемлекеттің де діни басымдығын құрайтын мұсылман жамағатының жік-жікке бөлінгені емес, бір шаңырақ астында топтасқаны, мүфтияттың беделінің биік болғаны  қажет болды. Дінсіз қоғам болмайтынын еліміздің зайырлы қоғамы түсіне бастады.   Мен діни басқармаға келген кезде еліміздегі  мешіттер  саны туралы ақпарат ауыздан ауызға 4000-5000 төңірегінде құбылатын. Сөйтсек, бұл ауыздағы «шашақты» сөз екен. Елде бары 1402 мешіт болыпты. Оның 284-і ғана 2000 жылдардың басында ҚМДБ-ның филиалы ретінде тіркелген екен.  Осы он үш жылда қоғамның имандылыққа бағыт алуы, Ислам қағидаларын күнделікті өмірінде ұстану салтының пайда болуы, жастардың имандылық бұлағына ұмтылысында ҚМДБ төңірегіне топтасқан Бас мүфти бастаған имамдар шоғырының үлесі болды.   Сонымен қатар, ақ пен қараны ажырату, рас діні қайсы, қырын кеткен ырымы қайсыны айыратын жаңа бір молдалар буыны қалыптасты. Әліпті таяқ деп білмеу, естігенімен уағыз жасайтындар емес, сауатты, діннің негізгі қағидаларын, халыққа қажетті насихатты білетін жаңа бір имамдар шоғыры сап түзеді. Қайсыбір олқылылықтарды түзеу ұзақ уақытты қамтитынын ескерсек, сәл ертеректегі сауатсыз, шала молда имиджі – білімді, білікті имам дәрежесіне көз алдымызда өсті. Қазір  елімізде дін ісі өркениеттік жолға түсе бастады. Діни басқарма жанынан зиялы қауым өкілдерінің ақсақалдар кеңесі құрылды. Қазіргідей алмағайып заманда имамдардың біліктілігі өте жоғары болуы керек.

-  Соңғы кезде араб елдерінде білім-ғылымның кенжелеп қалуына ислам  діні әсер етті деген пікірлерді жиірек еститін болып жүрміз. Ислам әлемі мен ғылымның жолы қай жерде  түйіседі, екі айырылған тұстары жайлы не айтасыз?   Исламда ілім үйренудің маңызы жөнінде не айтар едіңіз?

– Ислам озық ой мен прогресс діні ретінде қай кезде де ғылыми-ағартушылық бағытты негіз етіп алды. Сондықтан да алғашқы күннен адамзатты білімге, оқуға үндеді. Құранға үңілумен қатар мына алып ғалам кітабын да қоса зерделеуге шақырып, Ұлы Шебердің құдіретіне саналы түрде бас идірді. Егер ислам тарихына көз жүгіртер болсақ, онда оның пайда болған кезінен бастап ғылым мен мәдениетті кемеліне келтіре гүлдендіргеніне куә боламыз. Мұсылман дінінде кейбір өзге діндердегідей ғылым мен таным күнә ретінде жарияланып, қудаланған жоқ, керісінше дәріптелді. Орта ғасырларда Араб халифатында дін мен философия, ғылым мен әдебиет, мәдениет пен өркениет өзара сұхбат пен ынтымақтастықта дамыды. Ислам діні бұрынғы «джахилийа» дәуіріндегі рухани азғындықтарды жойып, адамзатқа ізгіліктің жолын сілтеді. Халифаттың құрамына енген және исламды қабылдаған барлық елдер мен халықтарда бүкіл ортағасырлар бойы өзіндік бірегей әрі біртұтас мұсылман мәдениеті салтанат құрды. VIII - XII ғасырларда Шығыста орнығып, антикалық мәдени және ғылыми-философиялық мұраны игеріп қана қоймай, оны одан ары жетілдіріп, өздері көркем әдебиет пен филология, тарих пен география, математика мен астрономия, медицина мен музыка, логика мен философия салаларында, сондай-ақ сәулет өнері мен көркем қолөнерде аса ірі табыстарға жеткен бұл өркениетті медиевист-зерттеушілер «мұсылман ренессансы» деп атайды. Мұсылман өркениеті өзге мәдениеттерге төзімділігі мен сұхбатқа ашықтығының арқасында Алдыңғы Азиядағы иудейлер мен сириялық арамейлердің, Солтүстік Африка халықтары мен мысырлықтардың, батыстағы андалусиялықтар мен шығыстағы үнділіктердің, сонымен қатар Хорасан мен Орталық Азиядағы түркілер мен парсылардың жергілікті мәдениеттерін бірегей исламдық арнада тоғыстырды. «Араб-парсы-түркі» мәдени синтезі орын алған бұл кезеңде қазақ топырағынан әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йассауи тәрізді ғұламалар шықты. Өйткені ислам діні бейбітшілік пен еркіндіктің, ізгілік пен әділеттіліктің діні еді және ол тек арабтарға немесе басқа бір тайпаға, халыққа, нәсілге ғана түскен жоқ, оны Жаратушы бүкіл адамзатқа арнап жіберді деп есептелінеді. Сондықтан халифаттың шығысынан да, батысынан да ғалымдар да, әулиелер де көптеп шықты. Қасиетті Құранның алғашқы аяты «Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деп басталуы да ойланғанға ғибрат. Құрандағы «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмар» сүресі, 9-аят); «Бұлардың ішіндегі ғылымға бойлағандарға зор сый береміз» («Ниса» сүресі, 162-аят); «Шын мәнінде құлдарынан ғалымдар Алладан қорқады» («Фатыр» сүресі, 28-аят); «Раббым, білімімді арттыра гөр!» («Таһа» сүресі, 11-аят) деген аяттарды, сондай-ақ, «Ғалымдар – пайғамбарлардың мирас­қорлары» (Әбу Дәуіт), «Тал бесіктен көр бесікке дейін білім іздеңдер» (Әл-Ажлуни), «Білім мұсылман әйелге де, ерге де парыз» (Ибн Мажа), «Ілім үйренуге шыққан адам Алла жолында» (Муслим) деген секілді хадистерді көкейге түйген мұсылмандар ілім үйренуге талпынып, сауаттылықты барынша жаюға тырысқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) он мұсылманға оқу-жазу үйреткен тұтқындарды босатып, суффа сахабаларын мешітке жинап, тек қана іліммен шұғылдануға жұмылдырған.  Исламдағы алғашқы ілім ошағы әл-Масжиду-л Набауимен басталған. 830 жылы халифа әл-Мамун тұрғызған Бағдаттағы әйгілі «Бәйту-л хикма» осының бірі. «Бәйту-л хикма» (оқу-ағарту үйі) аударма орталығы, кітапхана, сондай-ақ алғашқы жоғары оқу орны рөлін де атқарған. Тіпті «Бәйту-л хикмаға» қарасты арнайы обсерватория да салынған. Бұл кезеңде тараған обсерваториялар бір жағы астрономия пәнін үйрететін мектеп қызметін де атқарған.Бағдатта уәзір Низаму-л Мүлк тұрғызған «Низамия» медресесі сол кезеңнің ең озық, ең ірі оқу орны міндетін атқарған. Андалусиялық әмауилер мен Бәни Ахмар мемлекетінде де оқу-ағарту жұмыстарына көңіл бөлінген. Аббасилер кезеңінде білім басты назарда болған. Халифа Һарұн ар – Рашид Анкараны өзіне қаратқан кезде, сондай-ақ халифа әл-Мамун Византия императоры Мишель ІІІ-ті жеңгенде, екі халифа да төлем ретінде ақша емес, көне жазбаларды талап еткені ой саларлық. Әсіресе, Умеядтар кезеңінде Иран, Үнді, Сирия, грек тілдерінен көптеген еңбектер арабшаға аударылған. Ежелгі грек тілінен Аристотель, Птолемей, Пифагор, Евклид, Гиппократ, Платон, Архимедтің өлмес-өшпес шығармалары, парсы және санскрит тілдерінен де терең ой, парасатқа шақыратын талай асыл дүниелер араб тіліне аударылды. Оларға түсіндірмелер жасалды. Аударма жұмыстары Аббасилар кезеңінде тіпті үдеген. Аударудың арқасында көне мәдениеттермен кеңінен танысқан мұсылман ғалымдары бұл мәліметтерді өз білімдерімен байытып, жетілдіре түскен

- Муфтиатта өткен 13 жыл ғалым Дербісәлінің  азаматтық болмысына қалай әсер етті? 

-  Ғалымның үш түрі болады. Бір ғалым оқып жатырмын, үйреніп жатырмын дейді, екіншісі  -  білгенім білмегенімнен көп дейді, ал үшіншісі -     алған білімімді халыққа жеткізуім керек дейді. Солардың бірде-бірі мен бәрін оқып тауыстым, меннен асқан ғалым жоқ демепті. Өйткені дін жолы да ғылымның бір түрі, ол өзге ғылымдармен салыстырғанда сан салалы және терең ғылым. Ислам озық ой мен прогресс діні ретінде қай кезде де ғылыми-ағартушылық бағытты негіз етіп алды. Сондықтан да алғашқы күннен адамзатты білімге, оқуға үндеді. Құранға үңілумен қатар мына алып ғалам кітабын да қоса зерделеуге шақырып, Ұлы Шебердің құдіретіне саналы түрде бас идірді. Қасиетті Құранның алғашқы аяты «Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деп басталуы да ойланғанға ғибрат. Құрандағы «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмар» сүресі, 9-аят); «Бұлардың ішіндегі ғылымға бойлағандарға зор сый береміз» («Ниса» сүресі, 162-аят); «Шын мәнінде құлдарынан ғалымдар Алладан қорқады» («Фатыр» сүресі, 28-аят); «Раббым, білімімді арттыра гөр!» («Таһа» сүресі, 11-аят) деген аяттарды, сондай-ақ, «Ғалымдар – пайғамбарлардың мирас­қорлары» (Әбу Дәуіт), «Тал бесіктен көр бесікке дейін білім іздеңдер» (Әл-Ажлуни), «Білім мұсылман әйелге де, ерге де парыз» (Ибн Мажа), «Ілім үйренуге шыққан адам Алла жолында» (Муслим) деген секілді хадистерді көкейге түйген мұсылмандар ілім үйренуге талпынып, сауаттылықты барынша жаюға тырысқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) он мұсылманға оқу-жазу үйреткен тұтқындарды босатып, суффа сахабаларын мешітке жинап, тек қана іліммен шұғылдануға жұмылдырған. Исламдағы алғашқы ілім ошағы әл-Масжиду-л Набауимен басталған. 830 жылы халифа әл-Мамун тұрғызған Бағдаттағы әйгілі «Бәйту-л хикма» осының бірі. «Бәйту-л хикма» (оқу-ағарту үйі) аударма орталығы, кітапхана, сондай-ақ алғашқы жоғары оқу орны рөлін де атқарған. Тіпті «Бәйту-л хикмаға» қарасты арнайы обсерватория да салынған. Бұл кезеңде тараған обсерваториялар бір жағы астрономия пәнін үйрететін мектеп қызметін де атқарған. Сол себепті 13 жыл маган мына жағынан әсер етті, мен бәрін меңгеріп шықтым деу асылық болар. Мен  Діни басқармаға келген күннен бастап дін мен ғылымды бір-біріне қарсы қою емес, олардың бірлігін түсінуді мақсат еттім.    Себебі ел ішінде дін тек діни қызметкерлер, қарт апаларымыз бен аталарымыз үшін ғана қажет деген түсінік белең алып бара жатты. Жоқ, дін туған жер, дін сенің – Отаның, тарихыңды да діннен бөліп—жарып қарай алмайсың. Қазіргі таңда дін идеологиялық құралға айнала  бастады. Бірақ сол күштің кімнің қолында екенін түсіне білудің де маңызы зор. Егер, ол содырлар мен діни фанатиктердің қолына түсер болса, халық қасірет шегеді, зиялылар басқарса, дін  көркейеді, марқаяды, мемлекеттің рухани тірегіне айналады. Қазіргідей тартысы көп, қым-қуыт, алмағайып заманда дінге бірлік, ынтымақ өте қажет.

Сұхбаттасқан Рауан ІЛИЯСОВ, 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер