Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы  Асқар  МУСИНОВ,    Қо­ғамның білім деңгейі мен имани-тәрбиесі артқанда мәселелер өзінен-өзі шешіле бастайды

3019
Adyrna.kz Telegram

Ислам әлеміндегі татуластық бастамасы: Ислам ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттеріндегі бейбітшілік пен шиенелістерді реттеу мүмкіндіктері» атты халықаралық семинарында ИЫҰ Бас Хатшылығының бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі департаментінің басшысы Асқар  Мусиновпен тілдесіп, бірқатар саулдарға жауап алдық.

     –Асқар мырза,  «Ислам әлеміндегі татуластық бастамасы: ИЫҰ мемлекеттеріндегі бейбітшілік пен шиенелістерді реттеу мүмкіндіктері» семинарының пленарлы мәжілісінде әл –Қуддус істері жөніндегі ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары, елші Самир Б. Диаб мырзаның «Палестинда діни шектеулер орын алып жатыр. Халықаралық заңдар барлық елдер үшін пәрменді болуы керек» деді. Сіз не дейсіз?

-  Ислам ынтымақтастық ұйымындағы Бас хатшылығы үшін Палестина мәселесі ерекше назарда. 1969 жылы Палестинада Әл-Ақса мешітіндегі өрттен кейін мұсылман әлемінің серкелері Палестина мәселесін бірігіп шешеміз деген бәтуаға келді. Соның нәтижесінде ИЫҰ құрылды. Бұл мәселе жарты ғасырдан бері  ИЫҰ емес, бүкіл халықаралық ұйымдардың назарында.  Біздің ұйымда тек Палестина мәселесімен айналысатын  департамент бар. Қабылданған резолюция бар. Демек бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр.

–Ислам Ынтымақтастық Ұйымындағы  Қазақстанның бастамалары жайлы айтыңызшы. 

-Қазақстан Ислам Ынтымақтастық Ұйымындағы жұмысының саяси, экономикалық және мәдени қырларының модераторы ретінде ислам қауымдастығының өзекті проблемаларын тиімді шешуге, ұйым әлеуетін халықаралық қауіпсіздікті, экономикалық байланысты нығайтуға шоғырландырып, өркениеттер үнқатыстығын дамытуға  бағыттайды.

2017 жылы   Ислам Ынтымақтастық ұйымының Астана қаласында өткен ғылым-технологиялар саммит өтті. Онда айтылған жайттар орындалып келе жатыр.  Ислам мемлекеттерінің білім саласына бөлген қаржысын қосып есептесек, батыс елдерінің 5-тен бірін құрайды. Яғни еуропалықтар жалпы ұлттық өнімінің 5,1 пайызын, ал біздер 1,1 пайызын білім мен технологияға жұмсаймыз. Бұл өте төмен көрсеткіш және ол сәйкесінше арттырылуы тиіс. Қазақстанның батыспен де, ислам елдерімен де байланысы бекем. Мысалы ол OIC-15 шеңберінде ғылыми-технологиялық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқара алады, деп есептеймін. Ислам мемлекеттері ғылымның дамуына баса мән беруі керек. Бірқатар маңызды бастамалардың қолға алынып, жоғары дейгейде халықаралық кездесулердің ұйымдастырылуы, осының жарқын айғағы.

Физика мен химия секілді терең ғылым бойынша мұсылман елдерінен тек екі адам Нобель сыйлығына ие болған. Ислам мемлекеттерінің осы салаға бөліп жатқан қаражаты олардың Жалпы ішкі өнімінің 0,8 пайызын ғана құрайды.

–Салыстыра қарасақ, АҚШ-та бұл көрсеткіш 2,9 , ал Израильде 4,4 пайыз. Самиттің өзектілігі де сондықтан. Қазақстан өзіне бауырлас елдердің басын қосып, маңызды бағытқа бастамақ.  Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Джи 20 форматына балама құру туралы жоспары да маңызды. Бұл тілі мен діні жағынан жақын одақтас елдерді біріктіретіні анық. «Ислам әлеміндегі татуластық бастамасының» сындарлы диалогқа айналды:

– Семинар барысында шетелдік сарапшылар тарапынан «ИЫҰ –ның мандатын күшейту керек, Кеңес құрамына беделді тұлғаларды тарту керек» деген пікірлер айтылды: Ұйымның мандаты ішкі мәселелерді шешуге әлсіз бе?

  • Ол ұсыныстардың бәрін қолдауға болады. Ұсыныстың айтылуына салмақты себепті бар. Бірақ ИЫҰ Хатшылығы тек орындаушы құрылым.. Мұндай салмақты шешімдер мемлекеттердің президенттері кездесуі, Сыртқы істер министрлері кездесуінде талқыланып, шешімін табуы тиіс.
  • ИЫҰ – мүше мемлекеттердің біразының әлеуметтік жағдайы мәз емес. «Халықтың 30 пайызының күн көріс деңгейі төмен, жағдайы төмен адамдар радикализмге бейім тұрады» деген пікірді ИЫҰ Хатшылығының өкілдері айтып жатыр.  БҰҰ немесе халықаралық ұйымдар ислам елдеріне донор тарту, инвестиция тарту мәселесін қандай деңгейде көтереді? Нәтиже бар ма?

Нәтиже бар. ИЫҰ –мүше елдерде БҰҰ көмегі болмаса, жағдайлары нашарлап кетер еді. БҰҰ-ның , халықаралық ұйымдардан көмек түсіп жатыр.  Бірақ Ислам әлемі  500 млн халықтың басын қосып отыр. Үлкен күш. Әлеуеті де мықты.  Мұсылман әле­мі  ғы­лым мен білімге,  дүниежүзілік қо­ғам­дастыққа интеграция­ла­нға,  пікір алуандығы туралы жа­ңа тұ­жырымдамалар мен филосо­фияға мұқтаждық айқын сезілу­де. Бұл үшін мүше мемлекеттер адамзаттық құндылықтарды, өзге өрке­ниет­­тердің жетістіктерін қа­был­­дауға, жаңа білім мен тех­­­но­логия­ны үйренуге ниет та­нытуы қажет. Қазіргі басты проблема  күйзелістен шығу, ке­дейлік мәселелерін шешу қо­ғамның білім деңгейі мен тә­лім-тәрбиесіне тікелей байланысты болмақ.  Осыған байланысты жаһандыққа қарсы тұру мен қақтығысқа емес, жаһандық интеграцияға бағытталған саясатты қалыптастыру саласында ұжымдық шаралар мен күш-жігерді қабылдау сөзсіз қажеттілік болып табылады.

Әлемде және соңғы кездері біздің елде де орын алып отырған экстремистік пиғылдар тіпті халықтың бөлігінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымына қатысты да үрей сезімін тудырып отырған жоқ па?

Мұндай үрейлердің толығымен негізсіз және исламофобияға белшесінен батқан батыстың жаңғырығы.  Атауына қарамастан, 1969 жылы құрылған Ұйым діни ұйым болып саналмайды. ИЫҰ зайырлы принциптерді негізге алатын және үш діни топты - азиялық (15 ел), арабстандық (22 ел) және африкалық, сондай-ақ Суринам (Оңтүстік Америка) мен Албанияны (Еуропа) өкілет ететін 57 мемлекеттен тұрады. ИЫҰ ерекшелейтін өзгешеліктерді оның Ислам рухани құндылықтарының жалпылама танылған игілігімен басшылық ететіндігінен байқауға болады.

Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан Рауан ИЛИЯСОВ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер