Грузияның бұрынғы президенті, қазіргі Украинаның Реформа кеңесінің атқару комитетінің басшысы Михаил Саакашвили Facebook желісіндегі ресми парақшасында Ауғанстанда болып жатқан оқиғаларға баға берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Саакашвилидің айтуынша, «Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы билікті басып алумен шектелмейді.
«Олардың келесі мақсаты Орталық Азия болады және оның барлық дерлік елінде құлдырауға дайын режимдер ғана емес, сонымен қатар Ресей үшін оңтүстіктен ислам дініне үлкен шабуыл жасаудың өте ыстық кезеңі бар»,– деді ол.
Саясаткер Ауғанстандағы оқиғалардан сабақ алу қажеттігін атап өтті.
«Ауғанстан – бұл барлық халық үшін, бәріміз үшін сабақ. Америкалықтар күресуге деген ерік-жігеріңізді көрсетсеңіз ғана көмектесе алады. Егер грузин әскері 2008 жылы ерлікпен шайқаспаса, америкалықтар оларға өз күштерін жібермес еді. Бұл Ресейдің Украина туралы күзгі жоспарларына да қатысты. Әлем өте тез өзгеруде, сондықтан бәріне дайын болу керек", - деп жазды Саакашвили.
«Адырна» ұлттық порталы