АҚШ Шығыста Қытайды барлау мен бақылау орталықтарын салып жатыр

3777
Adyrna.kz Telegram
АҚШ-тың орталық барлау басқармасы Қытайды жан-жақты барлау мен бақылау орталықтарын салуға кірісті. Бұл ақпаратты Bloomberg  13-ші тамыз күні хабарлады.
Барлау мен бақылау орталықтарындағы қызметкерлердің аты жөні мемлекеттік құпия болып саналып, оларды қатаң түрде сақтайтын болды. Барлау қызметіндегі адамдардың ең басты миссиясы - Қытайдың ішкі территориясына еніп жұмыс істеу мен мемлекеттік құпияларды, Қытайдың басты миссиясын біліп, анықтап, орталыққа жеткізу болып табылады. Қытайдың басты миссиясы мен мемлекеттік құпиясын осы уақытқа дейін бір де бір адам біле алмаған деді, барлау орталығының қызметкері.
Арнайы салынып жатқан барлау орталықтарына өте үлкен бөлімшелер мен филиалдар кіреді. Бұл бөлімшелер мен филиалдар Шығыс Азия мен Тынық мұхиты региондары бойынша бақылауды іске асырады. Сонымен қатар білікті  мамандар қытайлық азаматтармен және қытайлық шенеуніктермен арнайы жұмыс жасайды.
Бұл барлау орталықтарының салынуы АҚШ-тың мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігінің және АҚШ-тың жауларына тосқауыл қоятын мемлекеттік қорған ретінде кепілі болады деп атап өтті.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер