АҚШ-тың орталық барлау басқармасы Қытайды жан-жақты барлау мен бақылау орталықтарын салуға кірісті. Бұл ақпаратты Bloomberg 13-ші тамыз күні хабарлады.
Барлау мен бақылау орталықтарындағы қызметкерлердің аты жөні мемлекеттік құпия болып саналып, оларды қатаң түрде сақтайтын болды. Барлау қызметіндегі адамдардың ең басты миссиясы - Қытайдың ішкі территориясына еніп жұмыс істеу мен мемлекеттік құпияларды, Қытайдың басты миссиясын біліп, анықтап, орталыққа жеткізу болып табылады. Қытайдың басты миссиясы мен мемлекеттік құпиясын осы уақытқа дейін бір де бір адам біле алмаған деді, барлау орталығының қызметкері.
Арнайы салынып жатқан барлау орталықтарына өте үлкен бөлімшелер мен филиалдар кіреді. Бұл бөлімшелер мен филиалдар Шығыс Азия мен Тынық мұхиты региондары бойынша бақылауды іске асырады. Сонымен қатар білікті мамандар қытайлық азаматтармен және қытайлық шенеуніктермен арнайы жұмыс жасайды.
Бұл барлау орталықтарының салынуы АҚШ-тың мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігінің және АҚШ-тың жауларына тосқауыл қоятын мемлекеттік қорған ретінде кепілі болады деп атап өтті.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
A new Prime Minister has been appointed in Kyrgyzstan, and the President has provided an explanation
“He drove her crazy.” In Aktobe region, a former imam controlled his wife by using religion to intimidate her
