Ақтаулықтар ұлы ақын рухына тағзым етті

1971
Adyrna.kz Telegram

10 тамыз — Абай күніне орай Ақтауда ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Г.Қалмұратова, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә.Байпақов, қалалық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Шамшадинова және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлы ақынның есімін ұлықтау мақсатында 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 10 тамыз - Абай күнін белгілеп, еліміздің атаулы мерекелер тізбесіне енгізген болатын.

Бүгінде Абайды ұлтымыздың рухани реформаторы, әлемдік деңгейдегі кемеңгері ретінде теңдессіз шығармалары насихатталып жүр. Ал ақынның өлеңдері мен қара сөздері, философиялық толғамы өзектілігін жоймаған, бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келеді.

Іс-шараға келген зиялы қауым өкілдері Абай биігінің ешқашан аласармайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Абай күніне арналған шаралар аясында Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде «Ақтау сазы» фольклорлық ансамблінің шығармашылық концерті өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Абай күніне орай өткен «Ақтау сазы» фольклорлық ансамблінің  концертінде халқымыздың, соның ішінде Абайдың шығармалары шырқалды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер