Бразилия президенті «геноцид жасады» деп айыпталды

3410
Adyrna.kz Telegram

Бразилияның байырғы тұрғындарының құқықтарын қорғайтын APIB ұйымы Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа ел Президенті Джейр Болсонараны геноцид үшін жауапқа тартуды сұрады. Бұл туралы Al Jazeera жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құқық қорғаушылар саясаткердің 2019 жылдан бері этникалық азшылықтарға қарсы «айқын, жүйелі және қасақана саясат» жүргізгенін алға тартып отыр.

Ұйымның құқықтық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Элой Терена Бразилияның сот жүйесі бұл оқиғаларды өз бетінше зерттей алмайтындықтан, халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отырғанын айтты.

«Біз Бразилияда адамзатқа қарсы қылмыстар, геноцид, экоцид болып табылатын әрекеттер жасалып жатыр деп есептейміз», — деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер