Шойгу: Ресей астанасын Сібірге ауыстыру керек

5512
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей астанасын Сібірге ауыстырып, аталмыш аймақта бес ірі қала салу керектігі жайлы ойын айтты. Бұл туралы ойын ол Сібір ғалымдарымен кездесу сәтінде айтқан.

"Сібірде үш, тіпті бес ірі қала салып, астананы осында ауыстыру және әр қаланы өзінің нақты бағыты бар негізде жасау тиімді" деді ол. Ол бұл қалаларда 300-500 мың арасында халық тұруы керек деп санайды.

Сергей Шойгу сонымен қатар қазіргі Ресейлде КСРО кезеңіндегідей ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі азын айтып, қынжылған. Ірі құрылыстар мен жобаларға кеңестік азаматтар қуана барғанын да айтуды ұмытпапты. Астананы ауыстыруға қатысты ойды Шойгу бірінші рет айтып тұрған жоқ. 2012 жылы да дәл осындай ұсыныс жасаған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер