Путин мен Әлиев Ақтаудағы әуе апатын тағы да талқылады

2101
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жексенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауына байланысты мәселелерді талқылауды жалғастырды. Бұл туралы Кремль мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«Путин мен Әлиев бүгін телефон арқылы сөйлесіп, «Әзербайжан әуе жолдары» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты әртүрлі мәселелерді талқылауды жалғастырды», - деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Песковтың мәлімдемесі Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатының аясында жасалды. Әлиев сұхбатында апаттан кейінгі алғашқы күндерде Ресей тарапынан «сандырақ болжамдардан» басқа ештеңе естімегенін айтты. Сонымен қатар, ол Мәскеуден Azerbaijan Airlines ұшағының апаты үшін кінәні мойындауды, кінәлілерді жазалауды және өтемақы төлеуді талап етті.

Сенбі күні мемлекет басшылары Актауда болған апатқа байланысты мәселелерді талқылау үшін телефон арқылы сөйлескен болатын. Атап айтқанда, Путин Әлиевтен кешірім сұрап, трагедиялық оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде болғанына өкініш білдіріп, қаза тапқандардың отбасыларына  көңіл айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер