Түркиядағы өрт: млрдтар, туристер, шығын

2859
Adyrna.kz Telegram

Өткен айда Түркияда 30-дан астам провинцияны қамтыған өрт әлемнің назарын өзіне аудартты. 60 жыл болмаған ыстықтың қайталануы, құрғашылық, ішкі саясаттағы топтардың наразылығы келеңсіз жайтқа әкеліп соқты.

 

Қай мемлекетте орман көп?

  1. Суринам - мемлекеттің 98,26%-ы орманды құрайды.

2.Микронезия - 91,86%

  1. Габон - 90,04%
  2. Сейшель Аралы - 88,41%
  3. Палау - 87,61%
  4. Түркия - 15,35%
  5. Қазақстан - 1,23%

Қарап отырғаныңыздай, Түркия мемлекеті орманымен мақтана алмайды. Әйтсе де, орман өрті 50-60 шақырым қашықтықта орналасқан туристік қалашыққа кері әсер етіп, ауа райын ластады.

В курортных регионах Турции зафиксировали три новых пожара - РИА Новости, 29.07.2021

Түркияға туристер көп барады ма?

Орын Мемлекет 2019 жыл 2018 жыл
1 Франция 90 млн 89,4 млн
2 Испания 83,5 млн 82,8 млн
3 АҚШ 79,2 млн 79,7 млн
4 Қытай 65,7 млн 62,9 млн
5 Италия 64,5 млн 61,6 млн
6 Түркия 51,2 млн 45,8 млн
7 Мексика 45 млн 41,3 млн
8 Таиланд 39,8 млн 38,2 млн
9 Германия 39,6 млн 38,9 млн
10 Ұлыбритания 39,4 млн 38,7 млн

Отдыхающие в Турции россияне пожаловались на проблемы с дыханием из-за лесных пожаров - Газета.Ru

Дереккөз:World Tourism Organization

2015-2019 жж. аралығында Түркияға келген туристердің нәтижесі:

 2015 жыл 41 млн 617 мың 31 млрд 464 млн доллар
2016 жыл 31 млн 365 мың 22 млрд 107 млн доллар
2017 жыл 38 млн 620 мың 26 млрд 283 млн доллар
2018 жыл 45 млн 628 мың 29 млрд 512 млн доллар
2019 жыл 51 млн 860 мың 34 млрд 520 млн доллар

 

Орман өрті кесірінен 10 адам қаза тауып, 1000-ға жуық азамат түрлі жарақат алды. Алапат өртті елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар "От балалары" тобы мойнына алды.Бұл олардың алғашқы істеген әрекеті емес. Жыл сайын олар қасақана өртеуді әдетке айналдырыпты.Олардың сөзіне сенсек,"Түркия режимі ешқандай тілді түсінбейді. Сол себепті оларды от арқылы тізе бүктіру" - керек-мыс.

Бұл өрт Түркиядағы су тасығыш тікұшақтардың жетіспеушілігін көрсетті. Салдарынан Әзірбайжан, Ресей, Украина, Иран сынды елдер ұшақ жіберумен жәрдем берді.

 

Орман өртеу қылмыс па?

Бразилия президенті Жаир Болсонару: "Ағаштарды қырқып, өртеу арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға болады" - деген сөзі көптеген жергілікті тұрғындарды шабыттандырып, қасақана орманды өртеуге атсалысты. Салдарынан 2019 жылы Бразилияда 80 мыңнан астам өрт оқиғасы (1,8 млн гектар Аманзонка орманы отқа оранды) тіркелді.

Амазонка орманы қай елдерде орналасқан?

1 Бразилия - 60%

  1. Перу - 13%
  2. Колумбия - 10%

Индонезия мемлекетінде жасанды орман өрті қолдан ұйымдастырылады. Нәтижесінде өртелген жер пальма өсіруге қолданылады.

Қазақстан орман өртіне дайын ба? Бұл сұраққа Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдай министрі былай дейді:

"Өрттің алдын-алу үшін 43 мыңнан астам маман, 9 мыңнан астам техника құралдары, су таситын 10 тікұшақ, ірі өртке арналған 46 пойыз, 4 мыңнан астам еріктілер тобы, әкімшіліктің бастамасымен 1273 ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 400 өрт посты құрылған."

Қазақстан Түркиядағы орман өртінің пайда болуын, оның жылдам таралу қарқыны мен себептерін (адами факторды да есепке ала отырып) ескеріп, барынша дайын болуы тиіс. Ғаламдық жылыну алдағы онжылдықта үлкен өрттердің негізгі себебі болмақ дейді БҰҰ мамандары. Ал жерінің 10%-ға да жетпейтін бөлігін орман алып жатқан Қазақстанға әр ағашты өрттен сақтау аса маңызды.

Қанат Байұзақов

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер