Талдықорғанда сотталғандар 1 млн теңге көлемінде грантқа ие болды

4395
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған үш сотталған конкурстық негізде бір миллион теңге көлемінде грантқа ие болып, өз бизнестерін ашты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты Талдықорған қалалық пробация қызметі бөлімі, Алматы облысының прокуратурасы және “Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры” қоғамдық қорымен бірлесіп, “Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы” ММ қолдауымен пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар қатарынан әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз ісін іске асыру үшін бір миллион теңге мөлшерінде грант беру мақсатында “Екінші мүмкіндік” жобасын іске асырды. Бұл жобаға Талдықорған пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдар және қамау орындарынан босатылған адамдар қатысты.

Ұйымдастырушылар “Өз әлеуметтік бизнесіңді баста” атты оқыту семинарын өткізді. Оқыту әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру әдісімен өтті. Оқу семинары аяқталғаннан кейін финалға шыққандар өздерінің бизнес-жобаларының презентацияларын қорғады.

Байқау комиссиясының шешімі бойынша, Талдықорған қаласындағы пробация қызметінің үш сотталушысы әрқайсысына 1 млн. теңге көлемінде грант берілді. Гранттар септиктерді тазалау, сваркалық жұмыстарын және шаштараз қызметтерін қажет жабдықтарды сатып алу үшін пайдаланылатын болады.

– Талдықорған қаласының пробация қызметінің және жалпы Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлеріне біз үшін осындай қиын уақытта өз бизнесін ашуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Маған шаштараз ашу үшін жабдық сатып алуға көмектесті, мен сұлулық салонын аштым. Маған сенгеніңіз үшін көп рахмет. Әрине, жеңу оңай болған жоқ. Мен өз ісімді ашқаныма қуаныштымын, – дейді грант иегерлерінің бірі.

Алматы облысында Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға мемлекеттен өтеусіз гранттар беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.

–  Естеріңізге сала кетейік, осы жобаның арқасында екі сотталушы шиномонтаж және пластикалық терезелер мен есіктер жасау бойынша өз бизнесін сәтті дамытуда, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер