"Pfizer" және "Moderna" вакцинаның бағасын өсіріп жіберді

2402
Adyrna.kz Telegram

"Pfizer" және "Moderna" фармацевтика компаниялары Еуроодақ үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасын көтерді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Euronews-ке" сілтеме жасап.

Британдық Financial Times газетінің хабарлауынша, енді Pfizer-дің бір дозасы 19,50 еуро тұрады, бұдан бұрын оның құны 15,50 еуро болған. Осылайша неміс-ағылшын вакцинасы 25%-ға қымбаттаған.

Ал Moderna препаратының бір дозасы 19-дан 21,50 еуроға дейін көтерілді. Өндірушілердің айтуынша, сынақтың үшінші кезеңі вакцинаның РНҚ-сы векторлық препараттарға қарағанда тиімдірек екенін көрсеткен.

Одан бөлек, AstraZeneca мен Johnson&Johnson арзан вакциналарына қарағанда, жанама әсерлердің пайда болу қаупі төменірек болып шықты. Financial Times журналистері Еуроодақтың вакциналарды жаңа бағамен алуға келіскенін анықтады.

Препараттың құнын қайта қарау бірқатар Еуропа елдерінің халыққа вакцинаның екі дозасын салдырғаннан соң жарты жыл өткеннен кейін үшінші дозаны салдыру жөнінде шешім қабылдап жақтан тұста жүргізілді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер