Қоқыстың арасынан табылған бала миллионер азамат болып шықты

4332
Adyrna.kz Telegram
ҚОҚЫСТАН ШЫҚҚАН МИЛЛИОНЕР.
Біз көбіне өмірде табысқа жеткен жандар жайында сөз қозғағанда әңгімені оның шықкан жерінен бастаймыз. Біреулері интелегент отбасынан, екіншілері тұрмысы нашар отбасынан да шығып жатады. 
Ал қазіргі әңгімеміздің кейіпкері, бүгінгі күннің өзінде әлемнің Самсунг, Эппл секілді ірі IT компанияларымен бәсекелес болып отырған Frigger com-ның иесі 31 жастағы Фредди Фригер қоқыс арасынан шыққан. Иә, тура мағынасында! Оны Флоридада кездейсоқ жүргінші қоқыс жәшігінен тауып алып, ауруханаға тапсырған. Сол жерден оны Натан және Бетти Фиггерстер асырап алады. Бастауыш класта оқып жүргенде әкесі оған көше балаларынан алыс жүрсін деп 25$-ға ескі ,,макинтош" компьютерін алып береді. ,,Оның ойы іске асты"- деп еске алады Фредди. Мен оны бұзып-жинап, тағы детальдар қосып сапасын арттырып, IT технологиямен әуестігім содан басталды деп еске алады.
13 жасқа келгенде оның компьютерді меңгергені соншалық, тұрып жатқан Куйнси қаласының админстрациясы оны техникаларын жөндеуге жалдай бастайды. Ал 15-ке келгенде бірінші компаниясын құрып, екі жылдан соң 150-ден астам тұрақты клиенті болады. 20-ға толғанда әкесі ,,Альцгеймер" науқасына шалдығып, сол үшін оның қай жерде жүргенін біліп, онымен телефонсыз хабарласатын және дәрігерлер үшін науқастардың жағдайын алыстан бақылап отыратын құрылғылар ойлап табады. Қазір ол компаниясының капитализациясы жүздеген миллион $-дан асып кеткен, табысты бизнесмен.
Қайырымдылыққа көп көңіл бөледі. Оның ,,Фиггерс фонды" тұрмысы нашар мыңдаған отбасының балаларын компьютермен қамтамасыз етіп, жоғары класс оқушыларына стипендия төлейді. ,,Менің үлкен мақсатым соларға өмірде өз жолын табуына көмектесу"- дейді Фредди.
P.s. Біз де өскелең ұрпағымызға осындай табысты жол тілеп қояйық!
Рамазан Ажниязов
Пікірлер