13 афтершок. Дрейк бұғазында жойқын жер сілкінісі болды

1081
Adyrna.kz Telegram
Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com

Чили мен Аргентина жағалауына жақын орналасқан Дрейк бұғазы аумағында бірқатар күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап.

Жұма күні таңғы уақытта алғашқы жерасты дүмпуі 7,4 магнитудамен тіркеліп, цунами қаупі жарияланған. Тұрғындар жағалаудан жедел түрде эвакуацияланды.

Сейсмологтар күні бойы 5-тен 6,4-ке дейінгі магнитудадағы 13 афтершок болғанын хабарлады. Барлық жер сілкінісінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Чили президенті Габриэль Борич жағдайға байланысты барлық қажетті ресурстар жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Пікірлер