Мемлекеттің тегін берген үйлері ақылы болып шыққан ба?

4020
Adyrna.kz Telegram

Жаңаөзендік 15 отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлерін жекешелендіре алмай жүр.Олар шенеуніктердің бұл қылығына түсінбейді. Өйткені, атқамінерлер бұған құлықсыз. Амалы таусылған олар мәселеге аймақ басшысының араласуын өтінді. Осыдан 10 жыл бұрын көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүгедек баласы бар жанұялар баспананы әкімдік тарапынан алған. Алайда көп жыл өтсе де әлі күнге дейін жеке атына өткізе алмай жүргенге ұқсайды. Ал жаңаөзендік әкімдік болса, нарықтағы пәтер құнының қалған қалдық ақысын төлесең, аударуға болады депті. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Көпбалалы ана Наташа жүр шырылдап. Мында 1-топтағы мүгедек баланың анасы тұр. Ол кісіге әлі аударып берген жоқ».

Әу баста баспана жалдамалы пәтер есебінде берілген. Бірақ сол кездегі қала әкімі 3 жылдан соңжекешелендіру құқығымен аударып аласыңдар деген екен. Жеме- жемге келгенде қазіргі әкімдік өкілдері айнып қалған. Келісім-шарт бойынша Наталья Волосатова 3 бөлмелі үйін 7 млн теңгеге алуы тиісті. Бірақ жуырда оған 11 млн теңге төлеуің керек депті.

«Мен көпбалалы анамын. Әрі бюджет саласының қызметкеремін. 2012 жылы баспанаға әзер дегенде қол жеткіздім. Жаңаөзен қаласының әкімдігі ол үйді 3 жылдан кейін жекешелендіріп аласыз деген. Қолымда келісім-шартым бар. Пәтер құны - 7 млн теңге. Енді жекешелендіруге барсам, маған 11 млн теңге төлейсіз дейді. Мен бұған мүлде келіспеймін. Уәжімді қалалық әкімдік өкілдері тыңдағысы келмейді. Сол себепті облыстық әкімдікке келуге мәжбүрмін», - дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Наталья Волосатова.

Ал Ақтүзел апаның жағдайы мүлде басқа. Оның 1 топтағы мүгедек баласы бар. Өзі жұмыссыз. Негізінде тегін берілуі тиіс пәтерді оған 10 млн теңгеге бағалап отыр. Ал қателік бастапқы кезде кеткен. Анасының пайымынша, әкімдік үйді жарымжан баласының атына рәсімдемеген. Сол себепті бар жеңілдіктерден қағылып отыр.

«Бір-екі жерге бардым, юристке бардым. Олар апа сізге документтеріңізді дұрыс бермеген деді. Негізі инвалид баланың атында болу керек еді. Қалдық құнынын сол үшін шығарып беріп отыр. Ал менің оған төлеуге жағдайым жоқ», - дейді қала тұрғыны Ақтүзел Серікова.

Облыстың атқамінерлері әрқайсының мәселелерімен танысып, жеке-жеке қараймыз деп уәделерін үйіп-төкті. Алайда бәрі заң шеңберінде болуы тиіс деді.

«Жееклей мәселе болса, осындай сұрақтар туындайтын болса, бізге өтініш ретінде шығыңыз. Біз өтінішке сәйкес, айтқан мәселенін қарауға дайынбыз. жекешелендіруге шығады», - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев.

Егер бұл мәселе шешілмесе, шағымданушылар облыс әкімінің жеке қабылдауына баруға мәжбүрміз дейді.

«Адырна» ұлттық порталы

(фото ernur.kz сайтынан)

Пікірлер