Соңғы 13 жылда әуе апаттарынан 124 адам қаза тапқан

1301
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-4-960x500.jpeg?token=751bd79d0c6808096633ae4801c69005

Соңғы 13 жылда Қазақстанда авиациялық апаттардан 124 адам қаза тапты. Бұл туралы Көлік министрлігінің Көліктегі жазатайым оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеу департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Соңғы 13 жылда АА саласында 68 авиациялық оқиға тіркелген, оның 26-сы адам өлімімен аяқталып, нәтижесінде 124 адам қаза тапқан. Ал 42 оқиға адам шығынысыз өткен», – делінген хабарламада.

Ал 2024 жылғы елдің азаматтық авиациясы әуе кемелерінің қауіпсіздік жағдайын талдауға сәйкес, былтыр авиациялық апаттардан 39 адам мерт болған.

Авиациялық оқиғалардың қызмет түрлері бойынша үлесі:

Коммерциялық авиация операторлары жалпы АО санының 22%-ын (15 оқиға) құрады; Авиациялық жұмыстарды орындайтын операторлар, оның ішінде авиациялық оқу орталықтары – 76% (52 оқиға); Жалпы мақсаттағы авиация операторлары – 2% (1 оқиға).
Комментарии