Орталық Азия мен Шығанақтағы араб елдерінің саммиті кейінге шегерілді

1273
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/whatsapp-image-2024-11-30-at-09.15.16-960x500.jpeg?token=82e4a372d2e46f145c738087710fa5eb

5 мамырда Самарқанд қаласында өтуі тиіс болған «Орталық Азия — Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» екінші саммиті кейінге қалдырылды. Уақыты белгісіз, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі «Анадолу» агенттігіне хабарлағандай, бұл шара елдердің өзара келісімі бойынша кейінге қалдырылған.

«Саммиттің күні мен басқа да егжей-тегжейлері қосымша хабарланатын болады», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өтеді деп күтілген екінші саммитке Орталық Азияның бес елі –

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан, сондай-ақ Парсы шығанағының алты араб мемлекетінің – Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт, Бахрейн, Оман және Катар көшбасшылары қатысады деп жоспарланған еді.

Айта кетейік,«Орталық Азия — Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» бірінші саммиті 2023 жылдың шілдесінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда қаласында өткен болатын. Оның барасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық орнықты даму мәселесі төңірегінде бірқатар маңызды бастама көтерді.

Комментарии