Ақтөбе облысында тұрғындар жаңа үйлердің сапасына наразылық білдіруде

1108
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Ақтөбе облысында көптен күткен баспанасына қол жеткізген тұрғындар оның сапасы мен құнына шағымдануда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК- ға сілтеп.

Бұл үйлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалғызбасты аналарға және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілген. Алайда, тұрғындардың айтуынша, жаңа үйлердің құбырларынан су кетіп, төбеден жел соғып, жарық тұрақты жанбайды.

Тұрғындардың айтуынша, ұзақ күткен баспананың құны да қымбат. Нина Шалпакова 15 жасында мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұрған. 35 жасында ол Мәртөк ауданынан жалға берілетін пәтердің кілтін алды. Бастапқыда қуанышы қойнына сыймаған ол, кейін үйдің бағасын білгенде көңілі қалған.

"Үй алатыныма мүлде сенбедім. Бұл хабарды естігенде қатты қуандым. Бірақ кейін шарттарды білгенде, "өте қымбат" дедім. 21 миллион теңге! Бұл мүлде дұрыс емес", – деді Мәртөк кентінің тұрғыны Нина Шалпакова.

Жаңа ғимараттағы пәтерлердің кілті 22 қаңтарда 38 отбасыға табысталды. Алайда жаңа қоныстанушылар келісімшартты көрмеген. Оның үстіне үйлердің сапасы көңіл көншітпейді. Тұрғындар мұндай тұрғын үй үшін ай сайын 20 мың теңге төлеу және коммуналдық қызметтерге қаражат жұмсау тым қымбат екенін айтады.

"Бізге ешқандай құжат берілмеді. Келіп кілтті алып кетіңіздер деп шақырды. Құны да, ештеңесі де айтылмады. Мұнда жарық жанбайды. Төбеден жел соғады. Түнде ұйықтау мүмкін емес. Мұндай үйді 21 миллион теңгеге бағалау артық", – деді тағы бір тұрғын Анастасия Цымбал.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жалға берілетін үйлердің құрылысы төрт жыл бұрын басталған. Іргетасы құйылып, қабырғалары көтерілген соң, жұмыстар аяқсыз қалған. Қаңтар айында ғана алғашқы қоныстанушылар көшіп келген.

Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты құрылыс жұмыстары кейінге қалдырылған. Бұл тұрғын үйлердің түпкілікті бағасына әсер еткен. Аудан әкімдігі тұрғын үйлердің жалға алу құны қолайлы деп есептейтінін айтады.

"Бағасы қолайлы, өйткені Мәртөктегі жалдамалы үйлердің нарықтық бағасы айына 30-50 мың теңге аралығында. Ал құрылыс сапасы бойынша шағымдар түспеді", – деді Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Аслан Айтмағамбетов.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Раскрыт способ в 55 лет выглядеть на 25! Морщины уйдут если...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Пікірлер