Қазақстан түрік мердігерлеріне 674 млн доллар төледі

5787
Adyrna.kz Telegram

Бірінші жартыжылдықта түрік мердігерлерінің Қазақстандағы жобаларының жалпы құны - 674 миллион долларды құрады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Түрік мердігерлер одағының 2021 жылдың шілдесіндегі құрылыс секторын талдау туралы есебіне енгізілген Түркияның Сауда министрлігінің деректері бойынша, түрік мердігерлері бірінші жартыжылдықта 33 елде құны - 6,5 миллиард долларды құрайтын 100 жобаны аяқтаған.

Замбия осы жылдың бірінші жартыжылдығында құны 1,3 миллиард доллар болатын жобаларымен түрік мердігерлері үшін ең ірі нарыққа айналған. Словения 748 миллион доллармен екінші орынға жайғасты. Ал Қазақстан 674 миллион доллармен – үшінші орында.

Жоба құны бойынша алғашқы бестікке 543 миллион доллармен – Әзірбайжан, 405 миллион доллармен – Ресей кірді.

ТМБ-ның алдағы жылдары шетелдегі жобалар бойынша 20 млрд долларға дейін жетпек ойлары бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер