Путиннің кезекті мақаласы: Большевиктер территорияларымызды таратып берді

4194
Adyrna.kz Telegram

Ресей басшысы Владимир Путин Украина мен Ресей арасындағы қатынасты, украин халқы мен орыс халқының арасындағы тарихи байланысына қатысты мақала жазды. Мақала атауы "Украиндар мен орыстардың тарихи бірлігі" деп аталады. Онда ол таризи тұрғыдан екі халық бірлесе күн кешкенін, Украинаның түрлі кезеңде Ресей құрамында болғанын атап өткен. 

"Большевиктер орыс халқына таусылмайтын тәжірибе жасаушы материал ретінде қарады. Олар әлемдік революция жасап, ұлттық мемлекетті жоямыз деп ойлады. Олар шартты түрде шекараларды сыза салып, аймақтарды сыйлық ретінде таратып берді. Қорытындылай келгенде большевиктердің қандай шешім қабылдағаны, енді маңызға ие емес. Ол шешімдер бойынша ұзақ дауласуға болады. Бір дүние белгілі: Ресей шартты түрде тоналды" деп жазды ол мақалада.

Дәл осындай логиканы Путин бір жыл бұрын айтқан еді. "Біздің егемендігімізге қатысты өзге де мәселелер бар ғой. Совет одағы құрылған кезде, келісімшартта оның құрыманын шығу құқы да жазылған. Ал оның (одақтан шығудың) тәртібі жазылмағандықтан, сұрақ туындайды. Егер қандай да бір республика Кеңес одағы құрамына қосылып, өз иеліктеріне ( в свой багаж-ред.) ірі көлемде Ресей жерін, дәстүрлі Ресей территориясын алып, кейін одақ құрамынан шығуға шешім қабылдаса, онда ең құрығанда, орыс халқының «сыйлығын» бірге ала кетпей, немен кірдің, сонымен шығуың керек қой. Осының ешқайсысы жазылған жоқ. Сондықтан, қазіргі Конституцияға өзгеріс енгізуді әбден дұрыс деп есептеймін", деп өткен жылы "Мәскеу. Кремль.Путин" атты бағдарламада айтып, дау туындатқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер