Кастрация: Шымкентте педофилдер денсаулықтарының нашарлағанына шағымданды

2248

Шымкентте жас балаларға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан үш тұтқынға химиялық кастрация жасалды. Айыпталушылар жергілікті журналистерге бұл рәсім жыныстық денсаулықты ғана емес, жалпы денсаулыққа да зиянын тигізетінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Марат есімді (аты өзгертілген) тұтқынға темір тордың ар жағында әлі 15 жыл отыру керек. Ол кәмелетке толмаған қызды зорлауға тырысқаны үшін сотталған. Осыған ұқсас баптар бойынша сотталғандармен бірге ол химиялық кастрациядан өтті. Тұтқын телеарна журналистеріне инъекциядан кейін денсаулығы әлдеқайда жағдайы нашарлағанын айтты.

«Сот 15 жылға қатаң режимде жаза өтеу қажеттігі жайлы шешім шығарды. Тағы кастрация жасауды бұйырды. Менің ісімде зорлық-зомбылық жасауға тырысты деп жазылған, бірақ қазір не істеу керек? Ер денсаулығы жағынан бәрі нашарлап кетті, маған жыныстық өмір керек, бірақ ол жақта ештеңе жұмыс істеп тұрған жоқ.  Неге кастрация жасауы керек? Иә, мен кінәлімін, мойындаймын. Бірақ енді не істеймін? Менің де өмір сүргім келеді ғой. Менің отбасым, балаларым бар!» — дейді ол.

ИЧ-167/3 қатаң режимдегі колонияда жүзден астам сотталушы 124-баб "кәмелетке толмағандарды азғыру" бойынша жазасын өтеп жатқанын айтады. Үшеуі химиялық кастрация жасаған, олармен психологтар мен медициналық-санитариялық бөлім дәрігерлері жұмыс істеп жатыр.

«Біздің колонияда 700-ден астам сотталғандар бар, олардың жүзден астамы «педофилия» бабы бойынша, үш сотталған адамға кастрация қолданылған. Содан кейін кастрация тағайындалған адамдарға жоспар бойынша инъекция енгізіледі», – деді мекеме басшысының орынбасары Мағжан Есімбек.

Отырар арнасының мәліметінше, 2021 жылдың соңына дейін педофилия үшін сотталған 30 адам бостандыққа шығады. Олар химиялық кастрацияға ілінбейді, өйткені олардың барлығына осы заң Қазақстанда күшіне енгенге дейін үкімдері шығарылған.

Қазір кастрацияға қатысты көптеген пікірталастар бар, кейбіреулер кастрацияның мәні жоқ дейді, өйткені бұл тек уақытша әсер береді десе, енді бірі, керісінше, босатылғаннан кейін де сотталғандарға үнемі инъекция салып отыру керек деп санайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы