Қазақстандықтар да бар. АҚШ Орталық Азияның 100-ден астам мигрантын депортациялады

1133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/img_8158-960x500.jpeg?token=245fa80e132d945b507cf5e8034c9df1
АҚШ билігі Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстаннан келген 131 мигрантты елден депортациялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Fox News-ке сілтеме жасап. Нью-Йорктен ұшқан арнайы рейс 30 сәуір күні Ташкентке қонды. Мигранттар АҚШ-та заңсыз тұрып, визалық режимді бұзған. Олар елде болу мерзімі өтіп кеткеннен кейін анықталған. Депортацияланғандар арасында бірнеше қазақстандық азамат бар. Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары Өзбекстаннан өз елдеріне әрі қарай жол тартатын болады. Өзбекстан сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын қайтару шығындарын толықтай өз мойнына алғанын мәлімдеді. Бұл қадам АҚШ пен Өзбекстан арасындағы алғашқы осындай ауқымды келісім болып отыр. АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі бұл депортацияны "тарихи операция" деп атады. Ведомство мәлімдемесінде бұл әрекет Трамп әкімшілігінің шетелдік серіктестермен заңсыз иммигранттарды елдеріне қайтару бойынша жүргізіп жатқан табысты дипломатиялық жұмыс үлгісі екені айтылған. Айта кетейік, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі бұған дейін заңсыз жүрген қазақстандықтарды өз еркімен елге оралуға шақырып, оларға жеңілдіктер қарастырылатынын хабарлаған болатын. Бұған қоса, биыл ақпанда АҚШ-та көші-қон заңын бұзды деген күдікпен бірнеше қазақстандық ұсталған. Коста-Рика Трамп әкімшілігі тұсында депортацияланған алғашқы 200 мигрантты қабылдаған, олардың арасында үш қазақстандық болған.
Комментарии